А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет218/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   231
274
Ремиссия – ауру белгілерінің уақытша әлсіреуі (толық емес Р.) немесе 
жойылуы (толық Р.). 
Рефлекстер – жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштер әсеріне 
жауап ретінде жүзеге асырылатын ағза реакциясы. 
Рефлекс доғасы – рефлекстің жүзеге асуына қатысатын жүйке түзілімдерінің 
жиынтығы.
Рецепторлар – сыртқы және ішкі ортадан тітіркендіргіштерді қабылдайтын 
және жүйке жүйесінің ерекше белсенділігіне түрлендіретін арнайы сезімтал 
түзілістер. 
Рецидив – ремиссиядан
­кейін­аурудың клиникалық белгілерінің қайта пайда 
болуы. 
Реципиент – қан қабылдайтын адам.
Рибоза – барлық тірі жасушаларда РНҚ құрамында болатын моносахарид.
Рибонуклеин қышқылы (РНқ) – жоғары молекулалы органикалық қосылыс; 
нуклеин қышқылдарының типі.
Рибофлавин суда еритін В

дәрумені. 
Ризоидтар – тамыр қызметін атқаратын мүктердегі жіптәрізді түзіліс-
тер; қырықжапырақтардағы, қыналардағы, кейбір балдырлар мен саңырау-
құлақтардағы өскіншелер.
Рудименттер, рудименттік мүшелер эволюция барысында өзінің 
негізгі мәнін жойған мүшелер (құйрық омыртқалары, дененің түкті жабыны, 
соқырішек және т.б.).
С
Сары дақ – фоторецепторлардың барынша көп шоғырланған және көздің тор 
қабығындағы көру жітілігі ең жоғары аймағы. 
Сары ауру (болезнь Боткина) – қанның құрамында билирубин пигменті 
мөлшерінің көбеюінен бауырда болатын ауру.
Сангвиник – темперамент түрі.
Саусақ сүйектері – қол саусақтарының қаңқасын түзетін кішкентай 
түтіктәрізді сүйектер. 
Сәуле ауруы – ағзаға иондаушы сәулелердің 
артық мөлшерде әсер еткен кезде 
пайда болатын ауру.
Секрет – безді жасушалар өндіретін және жасайтын заттар (гормондар, тері 
майы, сүт және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет