қолданылуы:
1. лимфаның қызметін сипаттаңдар.
2. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа арасындағы байланысты анықтаңдар.
3. лимфа неден тұрады?
4. Қан плазмасы мен лимфа құрамын салыстырыңдар.
5. Ұлпа сұйықтығының маңызын түсіндіріңдер.
Талдау:
1. Сұйықтықтардың ағзада қозғалу үдерісін талдаңдар және олардың
қалай өзгеретінін айтыңдар.
2. 1) Су; 2) көмірсулар; 3) нәруыздар (аминқышқылдар); 4) май лар (гли-
церин мен май қышқылдары); 5) тұздардың молекулаларының ағзаға
түсуінен бастап, ағзаның ішкі ортасына дейін қозғалуының сызбасын
сызыңдар.
3. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа қызметі арасындағы айырма-
шылықты айтыңдар.
Синтез:
1. «
Гомеостаз» түсінігі жалпы ағзаүстілік сипатқа ие екенін мысал-
дар келтіріп дәлелдеңдер. Жасушада, популяция, түр, биогео-
ценоз, экожүйе, қауымдастық деңгейінде гомеостаздың болатынын
дәлелдеңдер.
2. Біздің ағзамыздағы барлық сұйықтық өзара қалай байланысқан?
Алған білімдеріңді жүйелеңдер.
3. Адам ағзасында үш сұйық ортаның қалыптасуының эволюциялық
мәні неде?
4. Мынадай жағдайдың моделін жасаңдар: ағзада а) қан; ә) ұлпа
сұйықтығы; б) лимфа сұйықтықтарының бірі болмай қал са, қандай
өзгерістер жүреді?
Бағалау:
1. Дәрігерге қаралу жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына байланыс-
ты болмаса да, диагноз қою кезінде талдауға көбінесе жұлыннан
сұйықтық алады. Диагноз қоюдың осы әдісінің мәнін талдаңдар және
негіздеңдер.
2. Буын аурулары ағза проблемасының жалпы көрінісі болып табыла-
ды деп есептейсіңдер ме? Алған білімдеріңе сүйеніп, жауаптарыңды
негіздеңдер.
3. Жер жүзіндегі тіршілікті қолдаудағы гомеостаз құбылы сы ның
маңызын сипаттаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|