А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет53/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   231
69
E дәрумені (токоферол). Бұл дәруменнің жетіспеуі бе деулікке, бұлшық ет 
дистрофиясына, анемияға, ба лаларда көру қабілетінің бұзылуына, кейде 
семіздікке себеп бола ды. 
Е дәрумені көгөністерде, өнген дақылдарда, өсімдік ма йында, 
жұмыртқада болады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 10–20 мг.
К дәрумені (филлохинон).­ Бұл дәруменнің жетіспеуі қан ұюының 
бұзылуына, соның салдарынан қан жоғал туға апарып соғады. 
К дәрумені саумалдық (шпинат), қалақай, түсті қырыққабат, асқабақ, 
сәбізде және т.б. көп. Сонымен қатар оны ішек микрофлорасы 
синтездейді. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 0,2–0,3 мг.
Дәрумендер,­авитаминоз,­гипервитаминоз,­ақшам­со­қыр,­каро-
тин,­мешел­(рахит),­құрқұлақ­(цинга),­бери-бери,­пеллагра.
Білу және түсіну:
1. Суда еритін дәрумендерді атаңдар. 
2. Майда еритін дәрумендерді атаңдар. 
3. «Дәрумен» деген терминге анықтама беріңдер. 
қолданылуы:
1. Суда еритін дәрумендердің ағзадағы маңызын түсін діріңдер. 
2. Майда еритін дәрумендердің ағзадағы маңызын түсін ді ріңдер. 
3. Неліктен 
С дәруменін «басты­дәрумен»­деп атайды?
Талдау:
1. Дәрумендердің ағзадағы қызметі мен олардың жетіс пеуші лігіне бай-
ланысты денсаулықтың бұзылуы арасын дағы тәуелділікті анықтаңдар 
әрі талдаңдар. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


70
2. Кестені толтырыңдар. 
Дәру мен дер дің 
атауы
Майда 
не суда 
еритіндер
Өнімдердегі 
мөлшері
Дәрумен дердің 
рөлі
Авита-
миноз
Авитаминоз 
белгілері
Ақшам 
соқыр
Мешел 
Бери- 
бери
Құрқұлақ
Синтез:
1. Дәрумендердің ағзадағы рөліне жалпы сипаттама берің дер. 
2. Адамның дәруменсіз өмір сүре алмайтынын дәлелдеңдер.
3. Авитаминозға мысалдар келтіріңдер.
4. Дәрумендердің болуының эволюциялық мәні неде? Жауап тарыңды 
негіздеңдер. 
Бағалау:
1. Кейбір физиологтардың пікірі бойынша дәрумендерді ағ зада 
синтезделмейтін «гормондар» деп атауға болады. Осы пікірге 
келісесіңдер ме? Дәрумендер мен гормондардың қан дай ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары бар? Жауап тарыңды негіздеңдер.
2. Табиғи тамаққа қарағанда қолдан (жасанды) дәрумен дендірілген 
тамақ едәуір пайдалы деп ойлайсыңдар ма? Сыныпта осы тақырыпқа 
пікір таластырыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет