84
АВЖ ауа-тамшы арқылы жөтелу және түшкірген кезде, сондай-ақ қол
алысып амандасқанда, моншада, жәндіктер шағып алғанда жұқпайды.
ЖИТС пайда болған кезден бері оны тиімді емдеу әдістері та былған
жоқ. Сондықтан алдын алу шаралары өте маңызды болып саналады.
Бас тысы – ағзаға вирустың енуіне жол бермеу керек. ЖИТС-тің алдын
алу жалпымемлекеттік және жеке шаралар болып бөлінеді.
Ж а л п ы м е м л е к е т т і к :
1. Донордан қан алғанда және қан құю кезінде мұқият тексеру.
2. Есірткі сату және жезөкшелікпен күресті күшейту.
3. Емдеу орталықтарында санитарлық режім ережелерін қатаң сақтау.
4. Жүйелі медициналық бақылау жасау.
5. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ж е к е :
1. Жекебас гигиенасының ережелерін сақтау.
2. Саламатты өмір салты.
3. АВЖ-ға (адамның
вирустық жұқпасы; ВИЧ) мерзімді түрде қан
тапсырып тексерту.
Жасушалықжәнегуморальдықиммунитет,фагоцитоз,анти-
дене,антигендер,ТжәнеВ-лимфоциттер,нейтрофилдер,моно-
циттер,эозинофилдер,базофилдер,иммунитет.
Білу және түсіну:
1. Жасушалық және гуморальдық иммунитет дегеніміз не?
2.
лимфоциттер болмаса, иммунитет жүзеге асады ма?
3. Нейтрофилдер мен моноциттер не үшін керек екенін түсін діріңдер.
4. «Антиген», «антидене» деген терминдерге анықтама бе рің дер.
5. лейкоциттердің түрлерін атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: