А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет62/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   231
№6 зертханалық жұмыс. Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін
зерттеу.  251-бетті қара.
§18. иммунитет. гуморальдық және
жасушалық иммунитет
Лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау; гуморальдық және 
жасушалық иммунитетті салыстыру
Ағзаны қандай жасушалар қорғайды? Олардың құрылысының ерекшелігі неде? 
Олардың амебаға қандай ұқсастығы бар? Лейкоциттік формула дегеніміз не?
иммунитет (лат. 
иммунис­ – бір нәрседен босату) – бұл ағзаның 
жұқпаларға (бактериялар мен вирустарға) және кез келген бөтен 
бөлшектерге қарсы тұру қасиеті. Иммунитет туралы ілім негізін орыс 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


81
ғалымы и.и. Мечников пен неміс ғалымы П. Эрлих жасады. Олар 1908 
жылы Нобель сыйлығын алды. 
Ағзаны жұқпалардан қорғауды қанның ақ жасушалары – лейкоцит-
тер қамтамасыз етеді. Олар ағзаны екі әдіспен қорғайды: 1) микробтарды 
жояды – 
фагоцитоз; 2) микробтарды жоятын немесе арнайы қорғаныш 
нәруыздар – 
антиденелерді жасайды. 
Жасушалық және гуморальдық иммунитет. Микробтарды жою 
әдістері негізінде иммунитетті 
жасушалық (фагоцитоз) және гуморальдық 
(антидене) иммунитет деп бөледі. Бірақ бұл оншалықты дұрыс емес. 
Ауру тудыратын микробтарға әсер ету механизмі жасушалық және 
гуморальдық иммунитеті кезінде белгілі бір сәтте айырмашылық жа-
сайды. Иммунитеттің екі түрі өзара байланысты. Олардың әрекетінің 
нәтижесі ауру қоз дырғыштарын жою болып табылады. 
И. Мечников 
фагоцитоз­ (жасушалық иммунитет) үдері сін, ал 
П. Эрлих антидене жұмысын зерттеді. Нәтижесінде иммунитет туралы 
біртұтас толық ілім жасалды. 
Ôагоцитоз – қатты бөлшектерді жасушалардың ұстап қалуы 
(жалған аяқтары арқылы). Амеба мен лейкоциттердің көптеген түрлері 
фагоцитозға қабілетті, оларды 
фагоциттер­деп атайды. Жалған аяқтары 
(жасушаның кез келген жерінде пайда болатын цитоплазманың уақытша 
өсінділері) арқылы қозғалады. Сонымен қатар фагоциттер қан ағысына 
қарсы қозғала алады немесе қан тамырлары арнасынан шыға алады. Зи-
янды бөлшектерді кездестірген кезде оларды жалған аяқтарымен қоршап 
алады да, цитоплазмада лизосома көмегімен қорытады (51-сурет).
51-сурет. Фагоцитоз құбылысы: 
а) тікен қадалғандағы қабыну: 1 – фагоциттер; 2 – тікен; 3 – тікенмен кірген микробтар;
4 – жүйке; 5 – эритроциттер; ә) фагоциттердің микробтарды жоюы
ә)
а)
6–3459
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет