А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет70/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   231
90
Æасанды иммунитет медициналық препараттар: емдік­сарысу неме-
се 
вакцина­енгізген­соң­пайда­болады.­Вакцина – бұл тіршілігі жойылған 
немесе әлсіздендірілген ауру қоздырғышы, не оның уы. Вакцина енгізген 
соң иммундық жасушалар осы қоздырушыларға қарсы антиденелер жа-
сай бастайды. Яғни ағза жеңіл формада аурумен ауырады. Содан кейін 
белсенді­жасанды­иммунитет пайда болады. Осы иммунитет механизмі 
табиғи­жүре­пайда­болған­иммунитет механизміне ұқсайды. Ағзаның 
өзі антидене синтездейді де, екпе жасалған сол ауру қоздырушыларына 
қарсы тұрақты иммунитет пайда болады. 
Жасанды­ енжар­ иммунитет­ емдік­ сарысу енгізген соң пайда бо-
лады. Бұл дайын антиденелер. Мұндай шара егер адам ауру болса не 
ауру жұқтыру ықтималдылығы жоғары аймаққа жіберілгенде жасала-
ды. Сарысу антиденелері аз уақыт әсер етеді, сондықтан осындай им-
мунитет 
енжар­ иммунитет деп аталады. Сарысуды ауырған адамның 
немесе қандай да бір ауру қоздырушылары арнайы жұқтырылған жа-
нуар қанынан алады. Ағзаға емдік сарысу енгізу оның иммундық жүйесі 
антиденелер жасағанға дейін аурумен күресуге көмектеседі. 
Емдік сарысу мен вакцинаның рөлі өте зор. Осындай ашылуға байла-
нысты адамзат әртүрлі жұқпаларға қарсы күресе алатын болды. 
Жасанды­және­табиғи­иммунитет,­туа­біткен­және­жүре­пай-
да­болған­иммунитет,­сарысу,­аурудың­алдын­алатын­вакци-
налар.­
Білу және түсіну:
1. Сарысуды не үшін енгізу керек екенін түсіндіріңдер. 
2. Өздеріңе белгілі иммунитет түрлерін атаңдар. 
3. Жасанды және табиғи иммунитет арасында қандай айыр машылық 
бар? Адамзат медицина пайда болғанға дейін иммунитеттің қандай 
түрлеріне ие болғанын атаңдар. 
қолданылуы:
1. Адам ағзасында жұқпалы аурудың бастапқы сатысы жүріп жатқан 
кезде оған не енгізу керек екенін анықтаңдар. 
2. Емдік вакцина қалай «жұмыс істейтінін» сипаттаңдар. 
3. Емдік сарысу қалай «жұмыс істейтінін» сипаттаңдар. 
4. Табиғи туа біткен және жүре пайда болған иммунитетті са лыстырыңдар. 
Олардың негізінде қандай механизм жатыр? 
5. Неліктен әрбір балада «медициналық карта» болу керек екенін 
түсіндіріңдер. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет