Резус-фактор. Қан тобынан басқа эритроцит нәруызын –
резус-фак-
торды(Rh) ескеру керек. Еуропалықтардың 85%-ында, монғолоидтардың
99%-ында резус-фактор бар. Мұндай адамдарды
оң резустыдеп атайды.
Қалған адамдарда бұл нәруыз жоқ, оларды
теріс резусты деп атайды.
Заманауи медицинада қан құю кезінде кері салдарын төмендету үшін
қан тобын ғана емес, резус-факторды да ескереді.
Бірақ қан құю – резус-фактор нәруызына байланысты бірден-бір
мәселе емес. Егер анасының резус-факторы жоқ болса, ал бала қанында
болса,
резус-сәйкессіздік дамуы мүмкін. Бұндай жағдайда жүктілік
кезінде анасының антиденесі эмбрион эритроциттерімен «күресе» бастай-
ды. Бірақ бірінші жүктілік кезінде балаға зиян келтіретін антиденелердің
саны жеткілікті болмайды. Антиденелер соның ішінде В-лимфоциттер
(есте сақтау жасушалары) түрінде де ана ағзасында сақталады. Егер
екінші жүктілік кезінде бала резусы тағы да оң, ал анасының резусы
теріс болса, онда жаңа туған нәрестеде қауіпті құбылыс –
гемолиздік
сарыауру дамуы мүмкін. Бұл жағдайда эмбрион эритроциттерінің едәуір
бөлігі ана ағзасының антиденелері арқылы бұзылады. Бірақ жүктіліктің
соңына қарай антиденелердің жеткілікті мөлшері жинақталады. Резус-
сәйкессіздіктің алдын алудың жолы бар. Заманауи медицина резусы теріс
әйелдердің жүктілігін барынша қауіпсіз жасайтын бірқатар ұсыныстар
береді. Көп жағдайда резус-конфликтің алдын алуға болжам жасап қана
қоймай, оны болдырмауға да қол жеткізуге болады.
5 - с ы з б а
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
94
Агглютиноген, агглютинин, әмбебап донор, әмбебап реци-
пиент,агглютинация,резус-фактор,оң-резус,теріс-резус,резус-
сәйкессіздік,гемолиздіксарыауру.
Достарыңызбен бөлісу: |