А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет89/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   231
116
Тыныс алу көлемі
­– адам қалыпты тыныс алғанда, шамамен 500 см

ауа жұтып, сонша шығарады. Ауаның бұл көлемі тыныс алу көлемі деп 
аталады. Орташа тыныс алу көлемі 500 см

немесе 0,5 литрді құрайды.
Ауаның қосымша көлеміадам қалыпты тыныс алып, артынша 
терең тыныс алғанда онда қосымша 1500 см
3
немесе 1,5 л ауаны жұтады.
Бұлардан басқа тағы екі көрсеткіш бар. Бұл өкпенің 
қордағы көлемі 
және 
қалдық­ көлемі. Қордағы көлем­ – бұл адам қалыпты тыныс 
шығарғаннан кейін шығаратын ауа мөлшері. Қалыпты тыныс алған 
кезде өкпеміздегі барлық ауаны шығарып тастауға тырыс паймыз. 
Әдетте 
қордағы­ көлем­ 1–1,2 литрді құрайды. Қалдық­ көлемі – 
адам қайтыс болғаннан кейін де өкпеде қалатын ауа мөлшері. Ол шама-
мен 1 литр болады. 
Тыныс алу қозғалыстарының саны және 1 минуттағы көлемі. Жаңа 
туған нәресте 1 минутта 60, ал ересек адам қалыпты жағдайда – 16–18 рет 
тыныс алу қозғалыстарын жасайды. Тыныс алу қозғалыстарының саны 
мен 
тыныс­алу­көлемін ескеріп, 1 минуттағы тыныс алу көлемін есеп-
теуге болады. Мысалы, тыныс алу көлемі 400 см

адам 1 минутта 20 ты-
ныс алу қозғалысын жасаса, оның 1 минуттағы тыныс алу қозғалыстары 
8 000 см

(20 ´ 400 см

= 8000 см
3
) болады. 
Тыныс алу мүшелері және темекі шегу. Никотин қан тамырларының 
тарылуына себепші болады және тыныс алу мүшелеріне көп зиян келтіреді. 
Темекі түтінінен тыныс алу жолдары қабынады. Оның құрамындағы 
қарамай мен күйе өкпенің ұсақ альвеолалары мен бронхыларының ар-
насын бекітіп тастайды. Альвеола қабырғасының құрамы өзгереді. Олар 
эластикалық қасиетін жояды және жеткілікті мөлшерде созылмайтын 
болады. Нәтижесінде өкпе жұмысының басқа да көрсеткіштері сияқты 
ӨТС азаяды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз етпегендіктен, газ 
алмасу бұзылады. 
Темекі түтінінде қанға енетін улы заттар ғана емес, бүкіл ағзаны улай-
тын заттар (никотин) бар. Сонымен қатар темекі түтінінде жасушалардың 
онкологиялық өзгерістерін тудыратын радиоактивті элементтер мен бен-
зопирен болады. Темекі шегу салдарынан өкпе обыры сияқты ауру пайда 
болады. 
Қанда еріген кезде никотин бүкіл ағзаны улайды. Темекі түтінінен 
қанға енетін заттар, негізінен, денсаулық және иммунитет үшін маңызды 
С­дәруменін бұзады. 
Тыныс­ алу­ көлемі,­ спирометр,­ ­ қордағы­ кө­лем,­ қалдық­ көлем,­ ­­
1­минуттағы­тыныс­алу­кө­лемі.­
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет