114
Нейрогуморальдық, хеморецепторлар, қорғаныш рефлекстері,
көкет (диафрагма), кеуделік және құрсақтық тыныс алу
типтері.
Білу және түсіну:
1. Тыныс алу әрекетін жүзеге асыратын құрылымдарды атаңдар.
2. «Кеуделік және құрсақтық тыныс алу типтері»
дегенді қалай
түсінесіңдер?
қолданылуы:
1. Тыныс орталығының қызметін сипаттаңдар.
2. Тыныс алу әрекеті мен ағзаның оттекті қажетсінуі ара сындағы байла-
нысты анықтаңдар.
3. Кеуделік және құрсақтық тыныс алу типтерін салыс тырыңдар.
Талдау:
1. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін сызба түрінде
бейнелеңдер.
2. Тыныс алу,
тыныс шығару, жөтелу және түшкірудің себеп тері,
ұқсастықтары мен айырмашылықтары
туралы өз пікірлеріңді
айтыңдар.
Синтез:
1. Оттек тыныс алу мүшелеріне емес, тікелей қанға түскенде, адам
тіршілігін жалғастыра ала ма? Өз пікірлеріңді айтыңдар.
2. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін жүзеге асырудағы
әртүрлі құрылымдардың рөлін бағалаңдар.
Бағалау:
1. Мынадай жағдаят туралы пікірлеріңді айтыңдар: «Ота
кезінде от-
тек маскасын пайдаланғаннан соң, пациент шамамен 30
секундқа
өздігінен тыныс алуды тоқтатты. Жас ассистент хирург реа нимация
бастамақшы болды, бірақ тәжірибелі дәрігер оны тоқтатты. 30 се-
кундтан кейін пациент өз бетімен тыныс ала бастады». Сипатталған
жағдайды бағалаңдар. Осы оқиғаны тыныс алу механизмдері
тұрғысынан түсіндіріңдер.
2. Беліне дейін жаялықпен оралған 3–4
айлық баланың жынысын
анықтауға бола ма? Талқылаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217