А. Соловьева, Б. Ибраимова


§29. Терінің құрылысы мен қыз меті, оның маңызы



Pdf көрінісі
бет94/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   231
122
§29. Терінің құрылысы мен қыз меті, оның маңызы
Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы 
маңызын сипаттау
Сүтқоректілердің дене жамылғысы қандай? Бұл жамылғының омырт қалы 
жануарлардың басқа кластарынан қандай айырма шылығы бар? 
Терінің маңызы. Тері – сүтқоректілер денесінің сыртқы жамылғысы. 
Ол денені сыртқы әсерден қорғайды. Ересек адам терісінің ауданы шама-
мен 1,5–2 м
2

Терінің құрылысы. Тері негізгі үш қабаттан тұрады: эпидермис, дер-
ма және теріасты май жасұнығы (66-сурет). 
Сыртқы (бірінші) қабат – 
эпидермискөпқабатты эпителий-
ден түзілген. Ол бір-бірінен айырмашылығы бар екі жасуша типінен 
тұрады. Эпидермистің сыртқы қабаты – терінің мүйізді қабаты. Оны 
үнемі қабыршақ түрінде түсетін және жаңарып отыратын өлі жасушалар 
құрайды. 
Терінің мүйізді қабатының астында бөлінетін тірі жасушалар бола-
ды. Солардың үздіксіз бөлінуі есебінен терінің мүйізді қабаты, шаш пен 
тырнақ жаңарады. 
Эпидермисте жасуша құрамында 
меланин­ пигменті болады. Ол 
неғұрлым көп болса, тері соғұрлым қоңырқай болады. Меланин теріні 
ультракүлгін сәуледен қорғайды.

II
III
1
4
2
3
6
10
9
5
7
8









66-сурет. Терінің құрылысы:
I – эпидермис;
II – дерма (нағыз тері);
III – теріасты май жас ұнығы. 
1 – түк; 2 – мүйізді қабат; 3 – өсуші 
қабат; 4 – тер безінің шұрықтары;
5 – жүйке талшықтарының ұш тары;
6 – тер безі; 7 – түкті көтеретін бұл-
шық ет; 8 – май безі; 9 – теріасты май 
жасұнығы; 10 – қан тамырлар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет