124
Бөліп шығару қызметі– тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минерал-
ды тұздар мен басқа заттар шығарылады. Бөліп шығару мүшелері ішек
және өкпемен қатар, тері де зиянды заттарды шығару үдерісіне қатысады.
Тер 98% судан, 2% басқа заттардан тұрады. Бір тәулікте бөлінетін тердің
мөлшері сыртқы орта температурасына, атқарылатын жұмысқа, жыныс
пен жасқа байланысты болады. Егер қандай да бір себепке байланысты
тер бөліну тоқтайтын болса, бүйрекке түсетін жүктеме күрт артады. Зат
алмасу артқанда, қарқынды дене жүктемесі
және ыстық кезде тер көп
бөлінеді.
Тыныс алу қызметі–тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдылығы онда орналасқан
сезімтал жасушалармен
және жүйке ұштары –
рецепторларменбайланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет
D дәруменін өндіреді.
Күн
сәу ле сінің
әсерінен
Dдәруменініңсинтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде
энергетикалық қор
сақталады.
Эпидермис, терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма, теріасты
майжасұнығы,амортизатор,жылуоқшаулағыш,қоректікзат-
тарқоры;қызметтері:қорғаныш,термореттелу,бөліпшығару,
тынысалу,терініңсезімталдылығы;рецептор,Dдәрумені.
Достарыңызбен бөлісу: