А. Соловьева, Б. Ибраимова


Терінің ортанғы (екінші) қабаты –  дерма



Pdf көрінісі
бет95/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   231
123
Терінің ортанғы (екінші) қабаты – 
дерма. Бұл тығыз дәне кер ұлпасы, 
ол теріге беріктік пен эластикалық қасиет береді. Дермада шамалы 
бұлшық ет талшығы болады. Ол терідегі түкті көтереді немесе жиыры-
лып, «түршіккен тері» түзеді. 
Дермада терінің барлық негізгі элементтері орналасқан. Онда 
қан тамырлары, лимфа тамырлары болады. Олар эпидермисті қажет 
қоректік заттармен қамтамасыз етеді, себебі эпи дермистің жұқа қаба-
тында капиллярлар болмайды. Дерма капил лярларының термореттелу-
де маңызы зор.
Терінің жоғары қабатының жасушалары 
сыртқы түрді – алақан мен саусақ терісінің 
бетін дегі кескінді қамтамасыз етеді (67-сурет). 
Әрбір адамда «саусақ іздері» әртүрлі болады.
Дермада тері, шаш түбірі, тер және май 
бездерінің жүйке ұштары – тері рецепторлары 
орналасқан. Тері майы эпидермистің жоғары 
қабатын майлайды, оның қабыршақтануын 
жеңілдетеді, терінің бетін едәуір эластикалық 
етеді. 
Терінің ішкі (үшінші) қабаты – 
теріасты май жасұнығы май-
дәнекер ұлпасынан тұрады. Ағза теріасты май қабатын 
амортизатор 
(соққы кезінде), 
жылуоқшаулағыш­және­қоректік­заттар­қоры­ретінде 
пайдаланады. 
Тері бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
Қорғаныш­қызметі.­Тері ағзаны сыртқы әсерден барынша қорғауға 
бейімделген. Мысалы, дене түрлі қатты соққы алған кезде сүйектер мен 
ішкі мүшелерді терінің үшінші қабаты – май жасұнығы қорғайды. 
Сыртқы­агенттердің: ауру тудыратын микробтар, зиянды химиялық 
заттар, көптеген сұйықтықтар, газдар мен шаң-тозаңның енуінен терінің 
бірінші, сыртқы қабаты (эпидермис) қорғайды. 
Барлық заттарды тері ұстап қалмайды. Мысалы, емдік жақпамайда (мазь) 
қолданылатын пайдалы заттар бар. Кейбір зиянды заттар тері арқылы 
өтуі мүмкін.
Ультракүлгін­сәуледен­қорғау­жоғары қабат жасушалары – эпи-
дермисте түзілетін тері пигменті – меланин арқылы жүзеге асыры-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет