«Білім айнасы» 2022 ж.
51
қалыптастыруға және жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруге,
тиімді коммуникацияның
психологиялық негіздерін түсінуге, сыни ойлауға бағытталады.
2019 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевқа Университетімізге келген
сапарында,
«Service learning» орталығының қоғамның дамуына,
әлеуметтік мәселелерді
шешудегі орны маңызды екендігі жөнінде жоғары баға берген болған болатын.
2019-2020 жылдың оқу жылында 1600-ге жуық студенттің қоғамға қызмет ету
тәжірибесіне ие. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің түрлі салаларында 270-ке жуық студенттік жоба
бойынша жұмыс жүргізіліп, жүзеге асырылды. Олар
«Бақытты бала күлкісі», «Кедергісіз
келешек», «Ұлттың үміті – қайырымды жастар» , «No fall pigeon», «Талпын», «Таза қала»,
«Meyirim», «Kind Hearts», «Бала көңілдің гүлі», «АСАР», «Қауіпсіздікті сақтау-негізгі
міндет» сияқты жобалар жүргізілуде. және т. б. жобалар іске асырылды, университеттің 25-ке
жуық әлеуметтік ұйымдармен, әлеуметтік институттармен қарым-қатынас орнатылып, әлі де
болса аясын кеңейту жұмыстары жөнінде байланыстар жүргізіліп жатыр.
«Service learning» пәнінің оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері: 2
кезең
арқылы жүзеге асырылады.
1 кезеңінде - 5 аптаға арналған дәрістер арқылы теориялық білім алып:
6-аптада - таңдаған бағыттарыңыз бойынша командаға бірігіп,
жобалық ұсынысты
әзірлейді;
7-ші аптада – жобаларын қорғайды. Қорғау бағасы 1-кезеңді бақылау бағасын
анықтайды.
2 кезеңде - жобаның белсенділігі, ол 7 аптаға созылады.
Таңдаған жоба әлеуметтік
қызмет саласына, яғни әлеуметтік ұйымдар байланысты болады.
«Қоғамға қызмет» орталығы жобалары:
Әлеуметтік
-
Экологиялық
-
Спорттық-медициналық
-
Азаматтық қорғаныс
-
Білім
-
Цифрлы волонтерлік сияқты негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылдың 5 ақпан күні «Маңғыстау облысында «Волонтерлар жылының» ашылу
салтанатын Маңғыстау облысы «ҚХА» хатшылығымен және МО «Ішкі саясат» басқармасы
КММ-мен бірлесіп жоғары деңгейде ұйымдастырған болатын.
2019-2020 жылы «Қоғамға қызмет» орталығының серіктес
мекемелермен байланысы
республикалық, халықаралық деңгейде жұмысының ауқымы кеңейген болатын.
Атап айтқанда Буганов Тамерланның басшылық ететін РФ "білім волонтерлері" жалпы
білім беретін автономды коммерциялық емес ұйымымен және Гаджидадаев Магомед
Зайирбеговичтің басқаратын "Дағыстан гуманитарлық институтымен арнайы меморандум
жасақталып, орталықтың халықаралық деңгейін көтеру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында ҚР «Ұлттық волонтерлік желісімен»
бірлесіп
қоғамда
қайырымдылық
идеяларды
дәріптеу
мақсатында
арнайы
іс-шаралар
ұйымдастырылды.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен QazVolunter онлайн порталы негізінде
әлеуметтік студенттік кредит жобасына 600 ден астам квота бөлініп, 300 ден
астам студент
тіркеліп, 5 әлеуметтік бағыттағы жобалар іске асырылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: