«Білім айнасы» 2022 ж.
4
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтарда оқушыларға мүмкін болатын қиындықтар,
оқушылардың көп жіберетін қателіктері, оқушының деңгейіне көтеру үшін педагогикаға тән
шараларының жүйесі ескерілді.
Ертегі оқыған баланың қиялы жүйрік, кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең
түсінуіне мүмкіндіктері болары анық. Берілген қазақ халық
ертегілері кітабының ішінен
таңдап алынған ертегілер бойынша жаңа технологиялар әдісін бойынша көрсетілген
элементтермен айқындалып, қорытынды сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының тақырыбы, мақсаты, міндеттері, логикалық құрылым, оқушылардың
сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстар, түзету жұмыстары анықталып, оқушыларды
белсендендіру мақсатында жаңа технологиялар әдістері қолданылды.
«Әдеби үйірме» әдісі
негізінде берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін, сынып оқушылары
топтарға бөлінді.
Сілтеме табушылар тобы - Ертегінің қызықты жерлерін анықтады.
Сұрақ қоюшылар тобы – Ертегінің мағынасы бойынша топты ойландыратын сұрақтар
қойды. Ертегінің мәні, басты кейіпкерлері кімдер,
ертегідегі оқиғалар қандай, негізгі
сауалдарға жауап іздеді.
Баяндаушы тобы - Ертегінің мазмұнын айтып, топта өткен ой талқысы туралы
баяндама жасады.
Ізденуші тобы - Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтады.
Реттеуші тобы - Ой талқысына қатысып, кезекпен сөйледі, тәртіпті, барлық
оқушылардың қатысуын қадағалады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ертегінің
негізгі идеясын ажыратып, өз ойларын
көркем тілмен жеткізе білуге дағдыланды, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Ақпарат
алу, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдылары қалыптасып, реттеуші рөлі арқылы
оқушылар іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдылары дамыды.
«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң –
үйренемін» деген көне қытай ғұламасы Конфуцийдің сөзін еске ала отырып, келесі
ертегілерді талқылау барысында «Сахналау» әдісі қолданылды.
«Сахналау» әдісі – мәтінді әр түрлі
бағытта сахналау, өз қалпында, күлкілі қалыпта,
қорқынышты қалыпта көрініс қою. Оқушылар бір-бірінің техникасы мен стилін өзара бағалай
алатындай етіп, бірнеше ертегіге қойған көріністерді бейнежазбаға түсіріп, жақсы мен
жаманды салыстырып, талдау жасалынды.
«Білім айнасы» 2022 ж.
5
«Сахналау» әдісі негізінде оқушылар ертегіден көрініс қоюға атсалысуға ықылас
білдіруді, көркем сөйлеу мәнерін, ымдау, қимыл-қозғалыс, интонация қолдануды дамытты.
Бұл әдіс оқушылар бойында көркем сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған,
сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқуға қызығушылықты көздеді.
Нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологиялар әдістері оқуға
ынталандырады,
өзіндік дамытушылық, сыни ойлау дағдысын дамытуға әсер ететінін,
әдістер көмегімен оқытудың оқушы жетістіктеріне әсер етуде тиімді екенін, оң нәтижелерге
қол жеткізгенін байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: