Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.02.2023
өлшемі231.99 Kb.
#469737
1   2   3   4   5   6
1 ТК Боранбаев Ж.

Ойлау формасы 
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен 
теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып 
тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте 
қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным 
формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен 
қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен 
заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, 
болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету 
жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, 
тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер 
туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, 
шығармашылықпен дамып отырады. 


Ойлау тарихы 
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. 
Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау 
мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз 
арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге 
болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. 
Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек 
табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы 
математика тілі немесе нақтылы-бейнелі «өнер тілі») арқылы да іске асады. 
Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен 
көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, 
кибернетика, физиология, 
т.б. 
шұғылданады. 
Философияда 
ойлау 
белсенділігі, 
логикасы 
туралы 
мәселелер 
қарастырылып, 
оның 
ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр 
түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және 
эмпирикалық, 
априорлық 
және 
апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б.) зерделеніп, ойлау 
жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде 
оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам 
еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.
[1][2][3]
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет