42
қоңыр түсті феофитинге ауысады.
Осыдан кейін екі пробирка-
ның біреуін бақылау варианты ретінде қалдырады. Ал
екінші
пробиркаға сіркеқышқылды мырыштың бірнеше түйірін салып,
спирт шамының жалынында қайнағанша қыздырады. Егер түсі
өзгермесе, тағы да сіркеқышқылды мырыш қосып қыздыруды қай-
талайды. Қыздырудың əсерінен қошқыл қоңыр түсті
ерітінді
жасыл түске ауысады, яғни феофитиннен хлорофилдің мыс туын-
дысы түзіледі. Зерттеу нəтижелерінің суреттері салынады жəне
реакциялардың теңдеулері жазылады. Тəжірибе нəтижелеріне
тиісті қорытындылар жасайды.
Қажетті құралдар мен заттар: пигменттердің спирттегі ерітіндісі, бен-
зин, 96% этил спирті, CaCO
3
,
кварц құмы, 20% KOH немесе 20% NaOH
ерітіндісі; 10% тұз қышқылы, сіркеқышқылды мырыш немесе сіркеқышқылды
мыс, фарфор келісі мен келсап, пробиркалар мен олардың тығындары, штатив,
воронкалар, скальпель, қайшы, су моншасы, фильтр қағазы, спирт шамы, сіріңке.
Достарыңызбен бөлісу: