С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Қажетті құралдар мен заттар: микроскоп, заттық шынылар, жабын 
шынылары, 3% H
2
O
2
, пробиркалар, пипетка, спирт шамы, сіріңке, фильтр қағазы. 
Бақылау сұрақтары 
1. Өсімдік организмінде тыныс алу процесінің маңызын сипаттаңыз. 
2. Клетканың тыныс алуы деп нені айтады? 
3. Тыныс алу мен ашу процестерінің байланыстылығын сипаттаңыз. 


61 
4. Тыныс алудың ферменттік жүйелеріне сипаттама беріңіз. 
5. Гликолиз, Кребс циклдерін сипаттаңыз. 
6. Глиоксилатты циклді сипаттаңыз. 
7. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолын түсіндіріңіз. 
8. Өсімдіктің тыныс алу қарқындылығын Бойсен-Иенсен əдісі арқылы 
анықтау неге негізделген? 
9. Зерттеуге алынған өсімдік мүшелерінің (өнген тұқым, өсімдіктің жерүсті 
мүшесі, тамыр) тыныс алу қарқындылығын өзара салыстырыңыз. 
10. Дегидрогеназалардың атқаратын қызметі қандай? 
11. Аэробты дегидрогеназалардың анаэробты дегидрогеназалардан өзара 
айырмашылығы қандай? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


62 
ӨСІМДІКТЕРДІҢ МИНЕРАЛДЫ
ҚОРЕКТЕНУІ 
Минералды қоректену физиологиясы жеке клеткаға жəне 
біртұтас өсімдік организміне иондар мен молекулалардың ағы-
нын қамтамасыз ететін тамырдың, сабақтың жəне жапырақтың 
өткізгіш жүйелерінің ұлпалары мен клеткаларының құрылымдық 
ерекшеліктерін; өсімдіктің өткізгіш жүйелері туралы мəліметтер 
негізінде иондық жəне молекулалық транспорттың қозғаушы 
күштерін зерттеуге негізделген. Сонымен қатар қоректік орта 
ағыны мен климаттық жəне топырақ факторлары арасындағы 
тəуелділікті зерттейді. 
Өсімдіктер құрамына барлық белгілі элементтер кіреді, əйтсе 
де олардың көбі өсімдікке аса қажетті жəне алмаспайтындарға 
жатады. Егер белгілі бір элемент жоқ ортада өсімдіктің қалыпты 
тіршілік циклі бұзылса немесе осы элементтің тапшылығы 
өсімдіктің спецификалық тіршілік процестерін бұзса жəне ол 
элементті қоректік ортаға қосу арқылы жоғарыда айтылған 
процестерді қалпына келтіруге мүмкіндігі болса, ондай элемент-
терді өсімдікке қажет элемент деп атайды. Мұндай элементтер 
заттар мен энергияның түзілу процестеріне тікелей қатысады. 
Жасыл өсімдіктерге қажетті элементтер (көміртек, сутек жəне 
оттектен басқа) – макроэлементтер. 
Өсімдіктің құрғақ заты құрамында 95% органогендер (кө-
міртек – 46%; оттек – 42%, сутек – 6,5%, азот – 1,5%) жəне 5% 
минералды элементтер болады. Минералды элементтер өсімдік 
организміндегі мөлшеріне байланысты үш топқа бөлінеді: 
мөлшері 0,01%-дан жоғары макроэлементтерге органогендер-
ден (C, O, H, N) басқа Si, Ca, K, Mg, P, S, Al, S кіреді. Мөлшері
0,001 – 0,00001% микроэлементтерге – Mn, B, Cu, Zn, Ba, Ti, Li, 
Br, Mo, Co, т.б. жатады. Мөлшері одан да аз ультрамикроэле-
менттерге
 – Cs, Se, Cd, Hg, Ag, Au, Ra, т.б. жатады. 
Макро- жəне микроэлементтерді өсімдіктер тамыр арқылы 
топырақтағы ерітінділерден иондар түрінде сіңіреді. Минералды 


63 
заттар иондарының ұлпаларда жинақталуы өсімдіктің табиға-
тына байланысты болады. 
Өсімдіктердің нақты минералды элементтерге қажеттілігін 
анықтау оларды тек жасанды қоректік орталарда (құм жəне су) 
өсіру арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін дистильденген 
су, химиялық таза кварц құмы, тұздар, химиялық ыдыстар қажет. 
Өсімдіктерді арнайы жабдықталған фактеростат камераларында 
немесе фитотрондарда өсіреді. Су жəне құм дақылдарын өсіру 
үшін құрамында барлық қажетті элементтері бар тұздар қоспа-
ларын қолданады. Құм дақылдарын өсіруде ортаға тек жеткіліксіз 
тұздарды ғана қосады.
Өсімдіктер бір элементтерді катиондар, ал екінші бір элемент-
терді аниондар түрінде сіңіретіндіктен, сол элементтердің катион 
немесе анион түрінде болатын тұздарды таңдап алады. Көбінесе 
кальций нитратын ([Ca(NO
3
)
2
]), калий нитратын (KNO
3
), аммоний 
нитратын (NH
4
NO
3
), екі негізді фосфат калийді (KH
2
PO
4
), екі 
негізді фосфат кальцийді (құм дақылдары үшін CaHPO
4
), калий 
сульфатын (KSO
4
), магний сульфатын (MgSO
4
) қолданады. Əрбір 
тұз құрамына екі элемент кіреді. Элементтердің белгілі бір қатына-
сын сақтау үшін қоректік ортаға құрамында бір ғана қажетті 
элементі бар тұздарды қосады, мысалы KCl. Қоректік ортаға 
неғұрлым тұрақты жəне қолданысқа тиімді микроэлементтердің 
тұздарын енгізеді. Өсімдіктер, негізінен, 5-10 мг/л темірді қажет-
сінеді. Оны қоректік ортаға темір хлориді (FeCl
2
) немесе темір 
сульфаты (Fe
2
(SO
4
)
3
) түрінде қосады. Фосфаттың немесе гидрок-
сидтің тұнбаға түсуін, сондай-ақ қоректік орта ерітіндісінің ней-
тралды жəне əлсіз сілтілі реакцияларында өсімдіктердің хлорозға 
шалдығуын болдырмау үшін темір цитратын (лимон қышқылды) 
немесе тартратын (жүзім қышқылды) қолданады. Соңғы кезде эти-
лендиаминтетрасірке қышқылы қосылған темір хелатын пайда-
ланады. 
Марганец, мыс пен мырышты күкірт қышқылы мен тұз 
қышқылы түрінде, молибденді молибден қышқылының (H
2
BO
3

натрий немесе аммоний тұздары түрінде, борды бор қышқылы 
(H
3
BO
3
) түрінде қосады. Ерітінді қоспасындағы марганец пен 
бордың концентрациясы 0,1-1 мг/л, мыстың, мырыштың жəне 
молибденнің концентрациясы 0,01-0,10 мг/л болады. 


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет