87
заттарды еритін күйге айналдыратын гидролазалардың ырықтығы
күрт артады. Ферменттер əсері өздерін
синтездейтін клеткаларда
ғана емес, басқа клеткаларда немесе ортада да байқалады.
Бұл жұмыс амилаза ферментінің клеткадан тыс крахмалға
əсерін байқауға арналған. Өсімдіктерде амилаза екі түрде кезде-
седі: крахмал молекуласын ірі бөліктерге (декстриндерге) ыдыра-
татын α – амилаза; крахмал молекуласындағы шеткері мальтоза
клеткаларын бөлетін β – амилаза. Бидай, арпа, қара бидай құрғақ
тұқымдарында β – амилаза тек белокпен байланысқан, ырықсыз
күйде болады. Тұқым өнгенде β – амилаза бос күйге
ауысады
жəне α – амилаза синтезделеді.
Əдістеме.
Бірнеше құрғақ тұқымдарды ортасынан жарып,
аздап
сумен ылғалдап, Петри табақшасындағы крахмалды агар
пластинкасының бір жартысына онша батырмай жайғастырады.
Бірнеше тұқымдардың тамыршалары да
пластинкаға орнаты-
лады. Пластинка құрғап кетпеу үшін табақшаның беті жабыла-
ды. Бір сағаттан кейін пластинкадан
тұқымдарды алып тастап,
пластинкаға йодтың сұйық ерітіндісі құйылады. Пластинка жəне
тұқым орындарының түсінің өзгеруіне байланысты тиісті қоры-
тындылар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: