Қажетті құралдар мен заттар: картоп, 0,5 жəне 1 М сахароза ерітін-
ділері, дистильденген су, ас тұзы, мұз немесе қар жəне оларды араластырып
салатын ыдыс, пробиркалар, стакандар, үккіш, дəке, колба, пипеткалар, скаль-
пель, фильтр қағазы.
40-жұмыс. Ыстыққа төзімді əртүрлі өсімдік сорттарының
клетка протоплазмаларының тұтқырлығын анықтау
Зерттеу мақсаты: əртүрлі өсімдік сорттарының клетка про-
топлазмаларының тұтқырлық дəрежесін анықтау арқылы олардың
ыстыққа төзімділік қабілеттерін өзара салыстыру.
Зерттеу объектілері:
алоэ жапырағы, пияз эпидермисі неме-
се басқа да мезофит жапырағы.
Қысқаша түсініктеме. Өсімдік клеткасының тұтқырлығы
мен серпінділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым клетканың
жоғары температураға төзімділігі артады. Протоплазманың тұт-
қырлық дəрежесін клеткадағы ойыс плазмолизден дөңес плазмо-
лизге өтуге кеткен уақытқа қарай анықтауға болады.
Əдістеме. Жапырақтың көлденең кесіндісін дайындайды. Ке-
сіндіні Петри табақшасына салып 5-10 минут нейтралды қызылмен
(1:5000) бояйды. Осыдан кейін кесіндіні сумен жуып, фильтр
қағазымен кептіріп, заттық шыныға (1М сахароза ерітіндісі
тамызылған) ауыстырады. Кесіндіні жабын шынымен жауып, су
буланып кетпес үшін жабын шыны жиектерін вазелинмен
майлайды. Кесінділерді микроскопта қарап, клеткалардағы ойыс
жəне дөңес плазмолизді бақылайды. Дөңес плазмолиздің пайда
болуына кеткен уақытқа қарап протоплазманың тұтқырлық
дəрежесін анықтайды. Нəтижелерді 38-кестеге ендіріп, тиісті
қорытындылар жасайды.
38-кесте
Ыстыққа төзімді əртүрлі өсімдік сорттарының клетка
протоплазмаларының тұтқырлық дəрежесі
Өсімдік түрі
Дөңес плазмолиздің
түзілу уақыты
Протоплазманың
салыстырмалы
тұтқырлығы
алоэ
пияз
|