С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
 
 
32-жұмыс. Тұқымның өнгіштігін анықтау 
 
Зерттеу мақсаты
əртүрлі өсімдік тұқымдарының өну бел-
сенділігін анықтап, оларды өзара салыстыру. 
Зерттеу объектілері
түрлі өсімдік тұқымдары
Қысқаша түсініктеме
Егіншілік шаруашылығында ең маңыз-
ды жұмыстардың бірі – сапалы тұқымдарды таңдау. Тұқымның 
өну белсенділігі оның сапасынан тəуелді. 
Тұқымның өну белсенділігін анықтау егістіктің белгілі 
ауданында (бір гектар) өсірілетін өсімдік санын белгілеу үшін 


85 
қажет. Бұл шара осы дақылдан алынатын түсім мөлшерін алдын 
ала болжауға көмектеседі. 
Əдістеме
. Өсімдік тұқымдарының əр түрінен бүтін жəне 
залалданбаған 60 данасы саналып алынады. Əр тұқымды 3 Петри 
табақшасына алдын ала сумен дымқылдандырылған фильтр 
қағазына немесе дымқылдандырылған құмға 20 данадан отырғы-
зады. Петри табақшаларын қақпақтарымен жауып, температурасы 
24
о
С, қараңғы термостатқа қояды. Бақылау уақытында құрғап 
қалған сорғыш қағаздарын сумен дымқылдандырып тұру керек.
Тұқымдардың өнуін бақылау мерзімі екі рет жүргізіледі: 
бидай, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қарақұмық, сорга, зығыр, 
күнбағыс – 3 жəне 7 күннен кейін; сұлы – 4 жəне 7 күннен кейін; 
асбұршақ – 3 жəне 6 күннен кейін; үрме бұршақ, қызылша – 4 
жəне 8 күннен кейін, қырыққабат – 3 жəне 10 күннен кейін; қияр 
– 3 жəне 8 күннен кейін; пияз – 5 жəне 12 күннен кейін; сəбіз – 5 
жəне 10 күннен кейін. Бақылау нəтижелерін 33-кестеге енгізіп, 
тиісті қорытындылар жасайды. 
33-кесте 
 
Тұқымдардың өну белсенділігі 
№ 
Өсімдік түрі 
Тұқым 
саны 
Өну белсенділігі, % 
алғашқы 
соңғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет