С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


-жұмыс. Протоплазмадағы қанттардың



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
38-жұмыс. Протоплазмадағы қанттардың
қорғаныштық қызметін анықтау 
 
Зерттеу мақсаты: қанттардың протоплазмадағы қорға-
ныштық əсерін зерттеу. 
Зерттеу объектілері:
 қант қызылшасы
Қысқаша түсініктеме. Өсімдік ұлпаларын төменгі темпе-
ратурамен əсер еткенде клетка аралықтарда мұз түзіледі, ол 
клеткадағы суды тартып протоплазманы сусыздандырады. Өсім-
дік организмін белгілі бір дəрежеде сусыздандырғанда прото-
плазма коагуляцияға ұшырайды. 
Клеткада түзілген мұз кристалдарының механикалық əсері-
нен протоплазманың ішкі құрылымы бұзылып, өткізгіштігі күрт 
жоғарылайды. Ұзақ уақыт төменгі температурада экспозиция-
ланған протоплазма тіршілігін жояды. Протоплазманың тірші-
лігін жою жылдамдығы температураға жəне экспозициялау 
уақытына, сондай-ақ клетканың суды ұстау қабілетіне байла-
нысты болады. Өсімдіктің қыстап қалатын мүшелерінде еритін 
қанттар мөлшерінің жоғарылауы өсімдік ұлпаларының суды 
ұстау қабілетін жоғарылатады. 
 
 Əдістеме. Қабығы аршылған қызылшадан тығын бұрғысы-
мен диаметрі 5-6 мм, ұзындығы 0,5 см 12 кесінді дайындалады. 
Оларды кранның астында суық сумен мұқият жуады. Кесінді-
лерді үш пробиркаға (4-кесіндіден) салады. Бірінші пробиркаға 
5 мл дистильденген су, екіншісіне 5 мл 0,5 М сахароза ерітін-
дісін, ал үшінші пробиркаға 5 мл 1 М сахароза ерітіндісін құяды. 
Пробиркалардың сыртын маркермен нөмірлеп, 3:1 қатынасында 
мұз (қар) жəне ас тұзы қосылған қоспаға 20 минутқа салады. 
Осыдан кейін пробиркаларды стакандағы суға (бөлме темпера-
турасындағы) салып пробиркалардағы мұзды ерітеді.
Зерттеу нəтижесінде пробиркалардағы ерітінділердің боялу 
дəрежесіне баға береді. Пробиркалардағы зерттеу затынан жұқа 
кесінділер дайындап, микроскопта боялған жəне түссіз (антоциан 
пигменті ағып кеткен) клеткалардың санын анықтайды. Нəтиже-
лерді 37-кестеге енгізеді. Тиісті қорытындылар жасайды. 


94 
37-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет