С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет61/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРҒА 
ТӨЗІМДІЛІГІ 
Қолайсыз жағдайлардың əсерінен өсімдіктердің өнімділігі 
оптималды фонмен салыстырғанда қаншалықты өзгеріске ұшырай-
тынына қарай өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі 
туралы баға беруге болады. Өсімдіктердің экстремалды фактор-
ларға (суық, үсік, құрғақшылық, ыстық, тұздылық) төзімділігін 
бағалау агрономиялық практикада жəне сұрыптауда маңызы зор.
Өсімдіктердің экстремалды факторларға төзімділігін анық-
тауда өсімдіктерді дала жағдайында өсіру мен вегетациялық 
əдістерді қолданады. Алайда бұл əдістерді жасауға көп күш жұмса-
латындығы мен ұзақтығына байланысты өсімдіктердің төзімділігін 
қысқа мерзім аралығында бағалауға əртүрлі зертханалық жəне 
зертханалық-дала əдістерін қолдану тиімді болады. 
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі. Құрғақшылық 
жағдайларына бейімделіп, онтогенез процесі кезінде өзінің өсуі 
мен дамуын тоқтатпайтын жəне көбеюге қабілетті өсімдіктерді 
құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп атайды. 
Өсімдіктердің физиологиялық құрғақшылыққа төзімділігі олар-
дың сусыздану мен жоғары температураларға төтеп бере алу 
қабілеттеріне байланысты. Сондықтан өсімдіктердің ыстыққа 
төзімділігін анықтау үшін олардың сусыздану мен қатты қызуға 
төтеп бере алу қабілеттерін зерттеу керек. 
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін зерттеуге бірқатар əдістер: 
эксикаторлық – өсімдіктердің сусыздануға төзімділігін зерттеу 
əдісі, суды ұстау қабілетін анықтау, белоктарды коагуляцияға 
ұшырату əдісі, цитоплазма коллоидтарының гидрофильділігін 
анықтау, бос жəне байланысқан суларды айқындау, протоплаз-
маның тұтқырлығы мен серпінділігін анықтау, крахмал үлгісін алу 
əдісі, т.б. қолданылады. 
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділік қасиеттеріне жаппай талдау 
жасауға қосалқы əдістерді: өсімдіктердің су потенциалын анықтау; 
өсу реакцияларын, электролиттердің шығуын, статолитті крахмал-


92 
дың мөлшерін, пигментті комплекстің төзімділігін, цитоплазма 
қозғалысын, ұлпалардың электрлік қарсыласуын зерттеу, т.б. 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет