С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет69/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
 
Қажетті құралдар мен заттар: глицерин ерітіндісі, Люголь ерітіндісі
NaCl ерітіндісі, фильтр қағазы, заттық жəне жабын шынылар, ине, микроскоп. 
 
 
44-жұмыс. Шардаков əдісі бойынша өсімдік
тозаңының өміршеңдігін анықтау 
 
Зерттеу мақсаты: өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін 
оның тозаңының өміршеңдігін анықтау арқылы зерттеу.
Зерттеу объектілері:
 бидай тозаңдары. 


100 
Қысқаша түсініктеме. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік сорт-
тарының тозаңдарының өміршеңдігі басқа өсімдіктерге қарағанда 
анағұрлым жоғары болады. Судың тапшылығы кезінде құрғақшы-
лыққа төзімді өсімдік тозаңдарына қарағанда құрғақшылыққа 
төзімсіз өсімдік тозаңдарының өміршеңдігі едəуір төмендейді. Бұл 
құрғақшылыққа төзімді өсімдік тозаң дəндерінде пероксидазалық 
ырықтығының жоғарылауымен түсіндіріледі. Пероксидазалық 
ырықтығы жоғары тозаң дəндері қызыл немесе бүлдірген түске 
боялса, ал өміршеңдігі төмен тозаң дəндері (пероксидазалық ырық-
тығы төмен немесе мүлдем жоқ) сары түсті немесе түссіз болады. 
Əдістеме. Алдын ала 20 сағат бойы 26
о
С-та кептірілген 
өсімдік тозаңын қылқаламмен заттық шыныға жағады. Тозаңға 
шыны таяқшамен төрт ерітіндінің тең қатынаста қосылған қоспа-
сын (3-бензидин, α-нафтол, Na
2
CO
3
, сутегінің асқын тотығы) тамы-
зып, инемен араластырады. Тозаңды жабын шынымен жабады. 
Егер жабын шыны астында ауа көпіршіктері қалып қойса, препа-
ратты біраз уақытқа қойып қояды. 4-5 минуттан кейін микроскопта 
препаратты қарайды. Тозаң дəндерінің боялу дəрежесіне қарай 
тиісті қорытындылар жасайды. Мəліметтерді 41-кестеге ендіреді. 
41-кесте
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет