С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Əртүрлі өсімдіктердегі клетка цитоплазмаларының



Pdf көрінісі
бет68/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
 
Əртүрлі өсімдіктердегі клетка цитоплазмаларының
коагуляцияға ұшырау температурасының шегі 
Объект 
Əртүрлі температурадағы
0
С плазмолиз
48
50
52
54
56
58
традесканция
пияз 
Қажетті құралдар мен заттар: нейтралды-қызыл бояқ (1:5000), фильтр 
қағазы, 1М сахароза ерітіндісі, ұстара, заттық жəне жабын шынылар, ине,
микроскоп, химиялық стакандар, термометр. 
43-жұмыс. Статолитті крахмал мөлшерінің өзгеруіне
қарай өсімдіктердің құрғақшылыққа жəне ыстыққа 
төзімділігін анықтау 
 
Зерттеу мақсаты: статолитті крахмалдың гидролиздену 
дəрежесіне қарай өсімдіктердің құрғақшылыққа жəне ыстыққа тө-
зімділігін анықтау. 
 Зерттеу объектілері: сұлы, тары, арпа, люпин тұқымдары. 
Қысқаша түсініктеме. Статолитті крахмал мөлшерінің өзге-
руін зерттеу арқылы өсімдіктердің төзімділігін анықтау əдісі 
селекцияда қолданылады. Статолитті крахмал өсімдіктің тамыр 
қынапшасында шоғырланады. Оның мөлшері өсімдік организмінің 
бүкіл тіршілік əрекетіндегі процестерде жұмсалмайды деуге бо-
лады. Сондықтан крахмал мөлшері үнемі тұрақты болады. Алайда 
жоғары температураның немесе құрғақшылықтың (сусыздану)
əсерінен статолитті крахмал гидролизге ұшырайды. Крахмалдың 
гидролизге ұшырау дəрежесі өсімдіктің төзімділік қасиетіне қарай 
ерекшеленеді. Осыған байланысты крахмалдың мөлшеріне қарай 


99 
белгілі бір өсімдік сортының төзімділік дəрежесін сипаттауға 
болады.
Əдістеме. Өсімдік тұқымдарын алдын ала Петри табақша-
сында температурасы 25
о
С, қараңғы термостатқа 3 тəулікке өн-
діруге қояды.
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін 2- 
3 күндік өскіндерді эксикаторда кептіреді. Ол үшін өскіндерді 
төменгі бөлігіне глицерин ерітіндісі (100 мл су +37 мл глицерин) 
құйылған эксикаторда 24 сағат 16-17
о
С (немесе тұз қышқылының 
ерітіндісі (8 г тұз +100 мл су) құйылған эксикаторда 24 сағат 20-
21
о
С) ұстайды. Тəжірибені қараңғыда жүргізеді. 
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін анықтау үшін өскіндерді 
температурасы 37
о
С 1 сағат ұстайды.
Осыдан кейін өскіндердің тамырларының ұштарынан ұстара-
мен ұзындығы 2-3 мм кесінділер алады, оларды Люголь (калий 
йодидіндегі 1% йод ерітіндісі) ерітіндісімен 30 секунд бояйды. 
Бақылау варианты ретінде жоғарыда айтылған өңдеулер (қыздыру, 
сусыздандыру) жүргізілмеген өскіндер қолданылады. 
Бояудан кейін тамыр кесінділерін микроскопта қарайды. Өсім-
дік неғұлым төзімді болса, клеткаларда крахмалдың гидролизі 
соғұрлым төмен болады.
Нəтижелерді бағалау балл жүйесі немесе пайыздық көрсеткіш 
арқылы жүргізіледі (бақылау вариантымен салыстырмалы түрде).
Үлгілерді төзімділігіне қарай үш топқа бөледі: төзімділігі 
жоғары – крахмалдың гидролизденуі 35%-ға дейін, төзімділігі 
орташа – крахмалдың гидролизденуі 36-50%, төзімсіз түрлер – 
крахмалдың гидролизденуі 50%-дан жоғары.
Алынған нəтижелер бойынша тиісті қорытындылар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет