4
үзінділер жəне қазақтың ұлы ақыны Абайдың баланың болмыс-
бітімі туралы айтылған жетінші, оныншы қара сөздері келтірілген.
Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара
дамуы. Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу
үдерісі. Даму – əрдайым жүйенің дамуы, жаңа қасиет тек жүйенің
қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сəйкес даму нысаны –
оқшауланған элемент емес, жүйе.
Қазіргі заманғы психологияда даму барлық жас даму
кезеңдерінде алға əрі кері жылжудың мезеттерін қатар қамтитын
үдеріс ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда прогрессивті
өзгерістердің үдерістері регрессивтіден басым түсетін тиімді əрі
сəтті қартаю ұғымы қалыптасқан. Э. Эриксон қарттық кезеңін
даналыққа ие болу жас шамасы ретінде қарастырған.
Оқулықтың құрылымдық жүйесінде бірізділік сақталған,
əр тараудағы тақырыптар бір-бірімен өзара логикалық тұрғыда
бйланысқан. Оқулық жиырма үш тақырыпты қамтыған ірі төрт
тараудан тұрады:
1. Даму психологиясының теориялық негіздері;
2. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері мəселесі
жайлы факторлы тұрғылар;
3. Баланың психикалық дамуы жайлы теориялар;
4. Дамудың жас кезеңдеріне қарай жіктелуі жəне жас шамасы-
ның мəселесі.
Оқулықта баланың психикалық дамуы жайлы теорияларға
терең талдау жасалған. Мəселен, З. Фрейдтің баланың психикалық
дамуы жайлы тұжырымдамасы, Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы
жайында, Ж. Пиаженің интеллектінің
дамуы турасындағы опе-
рационалды тұжырымдамасы, Э. Эриксонның тұлға дамуының
эпигенетикалық теориясы, мəдени-тарихи тұғыр, баланың
психикалық дамуы туралы Л. С. Выготскийдің теориясы, баланың
психикалық дамуының қозғаушы күштері
мен себептері туралы
іс-əрекеттік тұрғы. Сонымен қатар адам дамуының сензитивті
кезеңдері, жас дағдарыстары (нəрестелік кезеңдегі, бір жастағы,
үш жастағы, жеті жастағы, жеткіншек жастағы) қарастырылған.
Оқулықтың қосымшасында глоссарий, тақырыптарға сай
студенттердің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары,
психологиялық
жағдаяттар мен тапсырмалар, психодиагности-
калық əдістемелер беріліп отыр.
5
«Даму психологиясы» оқулығын дайындауға, негізінен
О. А. Карабанова, Б. С. Волков, Н. В. Волкова, А. Валлон,
М. М. Мұқанов, Қ. Б.Жарықбаев, Х. Т. Шерьязданова жəне т.б.
авторлардың еңбектері негіз болды.
Ұсынылып отырған оқулық
адам дамуының онтогенездегі
психикалық ерекшеліктерін қарастырып отырған басылымдардың
бірі болғандықтан, əрине кемшін тұстары да болуы мүмкін. Автор
осы тұрғыда айтылған сын-пікірлер болса ескереді.
«Даму
психологиясы»
оқулығы
педагогикалық
оқу
орындарының студенттеріне арналған.
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент
М. Қ. Бапаева