Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет14/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   154
damu psihologiyas kitap

Ж е т і л у теориясы психикалық дамуды тума тұқымқуалаған 
бағдарламаға сəйкес мидың морфологиялық құрылымдарының 
биологиялық жетілуімен себептелген эндогенді үдеріс ретінде 
қарастырады. Жетілу теориялары бойынша психикалық даму 
кезеңдерінің реті мен мазмұны орталық жүйке жүйесінің сəйкес 
бөлімдерінің жетілу динамикасымен жəне ретімен толықтай бол-
жанып отырады. Дамудың жаңа психикалық құбылыстары мен 
формалары жетілудің генетикалық ұсынылған бағдарламасының 
кеңінен таралуының нəтижесін білдіреді. Жетілу теориялары, 
преформизм іспеттес психикалық дамудың қозғаушы күштері 
тұрғысында нативизмнің бір түрі болып табылады. 
Жетілу теориясының жақтастары тұқымқуалаушылықтың 
орталық жүйке жүйесінің сəйкес құрылымдарының жетілу
үдерістерін ғана анықтайды деп есептейді. Əрбір морфологиялық 
құрылымға нақты психологиялық қызмет бекітілген. Оның 
жетілуіне сəйкес қызметі де басталады. 
К. Бюлердің үш сатылы даму теориясы жетілу теориясының 
классикалық нұсқасы болып табылады. Зерттеушінің пікірінше, 
психиканың филогенездегі дамуы үш кезеңнің рет ретімен 
бірін-бірі алмастырып отырады. Бірінші кезең – инстинкт (тума 
мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің барлық мүшелеріне 
ортақ, бейімделу шеңбері өте тар). Екінші кезең – дағдылар не-
месе жаттықтыру (тума емес, үйретудің нəтижесінде туындайды, 
бейімделу шеңбері едəуір кеңірек). Үшінші кезең – интеллект, 
мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді қажет етпейді, қиын 
жағдаяттың мəнді қатынастарын күтпеген жерден түсінуге, яғни 
инсайтқа негізделеді). Бюлер кезеңнен кезеңге өтуді орталық 
жүйке жүйесінің дамуымен байланыстырады. Ашып айтсақ, 
сəйкес құрылымның жетілуі автоматты түрде мінез-құлықтың 
жаңа формасының туындауына əкеледі. Аталмыш идея бірқатар 


35
еңбектерде, соның ішінде тума криминалды бейімдіктердің оди-
озды теорияларында (Ч. Ломброзо, Ш. Бюлер) жалғасын тапты.
Д. Фодор жəне Н. Хомский қазіргі заманғы даму психоло-
гиясында осы бағыттың ең көрнекті өкілдері болып табылады.
Н. Хомский тұқымқуалаушылықпен берілген тума лингвистикалық 
құрылымдар бар деп есептейді. Тұқымқуалаушылық баланың 
сөйлеуді меңгеруінің ретін, кезеңдерін жəне ақырғы нəтижесін 
анықтайды. Ал баланың қандай тілде сөйлейтіні ортасына бай-
ланысты болады. Осылайша Н. Хомскийдің тілдік онтогенез 
теориясы жетілу үдерістері мен тілдің тума құрылымдарының 
тұтқиылдан туындауын дамудың негізгі себепшісі ретінде 
қарастырады. 
Жетілу теориясының сыналуы төмендегідей тезистер-
ге негізделеді. Біріншіден, қазіргі заманғы ғылымның, атап 
айтқанда нейропсихологияның даму деңгейі барлық психикалық 
қызметтердің құрылысы күрделі жүйелі екендігін, демек жүйелі 
шектелетінін дəлелдеуде (А. Р. Лурия).
Екіншіден, ойлау, ес, зейін, сөйлеу, қабылдау сияқты жоғары 
психикалық қызметтерге жауапты морфологиялық жүйелер адам 
іс-əрекетінің «қызмет етуші ағзалар» ретінде адам іс-əрекетінің 
дамуында өмір бойында қалыптасады (А. Н. Леонтьев). 
Үшіншіден, морфофизиологиялық құрылым мен қызметтің 
арасында күрделі өзара бағытталған қатынастар бар. Жетілу тео-
риясы ол қатынастарды бір бағытты деп постулаттайды, яғни 
құрылым жетілсе – қызмет ету басталады. Қызмет етудің баста-
луы үшін құрылым жетілуінің нақты деңгейі қажет. Деректерге 
сүйенсек, нəрестелік кезеңнің өзінде үлкен жарты шарлардың 
жетілмеуінде баланың бесінші-алтыншы күніндегі өмірінде емізу 
əдісіне қатысты табиғи шартты рефлекстің қалыптасатынын 
көрсетеді, демек, ол субстраттың жеткілікті дəрежеде жетілмеуінің 
өзінде қызмет ету мүмкіндігін дəлелдейді. Жəне керісінше 
қарқынды қызмет ету жетілуді жылдамдатады.
Жетілу үдерісінің тұқымқуалаушылықтың бір мағыналы се-
бептелген фактор ретінде түсіндірілуінің өзі жетілу теориясының 
айтарлықтай кемшілігі болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда 
субъекті белсенділігінің жетілу үдерісі үшін маңызын дəлелдейтін 
деректер жинақталған. 


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет