Бисембаев к. Ж., Нагорная л. П., Панихин а. Л., Аяпбергенова р. Ш



Pdf көрінісі
бет27/91
Дата28.03.2023
өлшемі2.86 Mb.
#471277
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
мәдени-демалыс іс-шара

Жобаның сипаттамасы:
Жыл сайын 29 сәуірде бүкіл әлем бойынша халықаралық би күні атап 
өтіледі. Бидің барлық стиліне арналған бұл мереке 1982 жылдан бастап 
ЮНЕСКО халықаралық ұйымының бастамасымен «заманауи балеттің атасы»
ретінде тарихқа енген француз балетмейстері, хореографиялық өнердің 
реформаторы және теоретигі Жан-Жорж Новеррдің (1727-1810) туған күні 
атап өтілді (сурет. 4).
Сур.4. Ж-Ж. Новерр
Мерекенің мақсаты – бидің барлық бағыттарын бірыңғай өнер түрі
ретінде біріктіру, ал Би күнінің өзі – бұл, оларға би тілі туралы айтуға 
мүмкіндік бере отырып, оны құрметтеуге, адамдарды достық пен бейбітшілік 
үшін біріктіруге мүмкіндік беруге себеп.
Халықаралық би күніне арналған «Dance teleport on the planet»
фестивалі би байқауы түрінде жасалып, колледж оқушылары арасында 
өткізілді.
Алғашында Ереже әзірленді, колледждің әртүрлі бөлімдерінің 
студенттерінен командалар іріктеліп алынды, әр командаға би 
композициясын қоюға көмек көрсету үшін кәсіби хореограф бекітілді,
фестиваль қатысушылары жеребе тарту кезінде бидің континенттері мен 
жанрын анықтайды.
Би байқауын өткізу кезеңдерін қарастырайық.
Конкурстың мақсаты:
1) Колледждің әртүрлі мамандық оқушылары арасынан шығармашыл 
жастарды анықтау.
2) Хореографиялық өнерді танымал ету.
3) Салауатты өмір салтын насихаттау.
4) Қолайлы психологиялық мерекелік атмосфера мен студенттік 
ауызбіршілікті құру.


37
Конкурстың шарты:
Конкурсқа колледждің барлық бөлімшелерінің 10-нан 16-ға дейінгі 
студенттері қатысады.
Конкурстық тапсырмалар:
1-тапсырма - визит карточкасы, онда қатысушылар белгілі бір 
континенттің стилистикасында өзін көрсетуі қажет, бейне формат, регламент 
2 минут. Қазылар алқасы сюжеттік желіні, материалды берудің 
креативтілігін, көркемділігін, түсірілімнің сапасын бағалайды.
2-тапсырма – қатысушылар белгілі бір континенттің халықтық би 
стилінде би композициясын дайындайды, регламент 3 минут. Қазылар 
алқасы қатысушылардың сюжеттік желісін, хореографиялық лексиканың 
сәйкестігін, музыкалық және көркемдік безендірілуін, әртістік және орындау 
техникасын бағалайды.
Жеңімпаздарды анықтау:
1) Жеңімпаздарды анықтау үшін кәсіби хореографтар құрамында 
қазылар алқасы құрылады. 
2) Барлық командалар номинациялармен және дипломдармен 
марапатталады.
3) Жеңімпаз команда би мастер-классын өтуге кубок пен сертификат 
алады.
Қазылар алқасы мүшесінің бағалау парағы 
Dance teleport on the planet « би байқауы-фестивалі»
Команда
Визит карточкасы 
(бейне ролик)
Халықтық стильдегі би 
композициясы
Жиыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет