ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ ЖҰМЫСЫ
Д Ә П Т Е Р
1-курс, СЛ-11 тобының оқушысы
Петров Иван Александровичтің
«Материалтану» пәні бойынша
дәптері
3.4-
ТАҚЫРЫП. ШОЙЫНДАР
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ТЕМІР-
КӚМІРТЕКТІ ҚОСПАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ
ӘСЕРІ
Қоспалы болат құрамында оған сипатты қоспалармен бірге, негізінде, оның
қасиеттерін анықтайтын қоспалауыш элементтер бар. Қоспалауыш элементтерге
жатқызылады: хром, никель, вольфрам, молибден, сондай-ақ кремний мен кӛп
мӛлшердегі марганец және басқалар. Қоспалы болат кӛміртекті болатта жоқ қасиеттерге
ие, сондықтан оның кемшіліктері болмайды. Қоспалы болатты пайдалану материал
шығынын азайтады, бұйымдардың сенімділігі мен тӛзімділігін арттырады. Қоспалауыш
элементтердің болат қасиеттеріне тигізетін әсері келесіде кӛрсетілген.
1. Хром болаттың қаттылығын, беріктігін арттырады, созымдылығын аз ғана
тӛмендетеді. Құрамында 13%-дан астам хромы бар болат коррозияға тӛзімді болады.
2. Никель болатқа жоғары беріктік, созымдылық, коррозияға тӛзімділік қасиеттерін
береді және соққыға қарсы тұру қасиетін арттырады.
3. 1% және одан жоғары мӛлшердегі кремний созымдылықты азайтпай тұра,
беріктікті арттырады, серпімділікті, қышқылға тӛзімділікті және магнит ӛткізгіштікті
арттырады.
4. 1% және одан жоғары мӛлшердегі марганец созымдылықты жоғалтпай,
тозутӛзімділікті арттырады.
5. Кобальт ыстыққа тӛзімділік пен магнит ӛткізгіштікті арттырады.
6. Вольфрам болаттың қаттылығы мен қызутӛзімділігін бірден кӛтереді.
7. Ванадий
тығыздықты, беріктікті арттырады, түйірлердің ұсақталуына
кӛмектесіп, соққыға, майдалануға, үзілуге тӛзімділікті жақсартады.
8. Кобальт повышает жаропрочность, магнитопроницаемость.
9. Алюминий отқаққа беріктікті кӛбейтеді.
10. Титан беріктікті арттырып, кристаларалық коррозияны азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |