Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 4-сынып


- кесте. «Білім» танымдық саласының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата01.04.2023
өлшемі3.1 Mb.
#471545
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
TIMSS-2020

1.3-
кесте. «Білім» танымдық саласының сипаттамасы
Еске түсіру 
Анықтауларды, терминологияны, сандық қасиеттерін, 
өлшем бірліктерін, геометриялық қасиеттері мен 
белгілеулерін қалпына келтіру (мысалы, a × b = ab, a + a + 
a = 3a). 
Тану 
Сандар, өрнектер, шамалар мен формаларды тану. 
Эквивалентті математикалық нысандарды тану (мысалы, 
эквивалентті бөлшектер, ондық бөлшектер және пайыздар; 
қарапайым геометриялық фигуралардың әртүрлі орналасу 
тәсілдері). 
Жіктеу / реттеу 
Жалпы қасиеттері бойынша сандарды, өрнектерді, 
шамаларды және формаларды жіктеу. 
Есептеу 
Алгоритмдік процедураларды +, -,×, ÷ немесе натурал 
сандардың, бөлшектердің, ондық бөлшектердің және бүтін 
сандардың үстінен арифметикалық әрекеттерді орындау. 
Қарапайым алгебралық есептеулерді орындау. 
Алу 
Кестелерден, графиктерден, мәтіндерден немесе басқа да 
дереккөздерден ақпарат алу. 
Өлшеу 
Өлшеу құралдарын пайдалану және тиісті өлшем 
бірліктерін таңдау. 
Дереккөз:
Grønmo, L.S.-
ке 26-беттегі кестеден бейімделген, Lindquist, M., Arora, A., & I.V.S. Mullis. (2013). 
TIMSS 2015 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). TIMSS 2015 assessment frameworks. 
Boston College, TIMSS & PIRLS International Study Center 
сайтынан алынған: 
https://timssandpirls.bc.edu/timss2015/frameworks.html 
Қолдану 
Бұл сала математиканың түрлі контекстерінде қолданылуын қамтиды.
Бұл салада фактілер, ұғымдар мен рәсімдер, сондай-ақ проблемалар оқушыға таныс 
болуы тиіс. Осы саламен байланысты кейбір тапсырмаларда оқушылар фактілер


14

МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
дағдылар мен рәсімдер туралы математикалық білімді қолдануы немесе визуалды 
түсініктерді жасау үшін математикалық тұжырымдамаларды түсінуін көрсетуі тиіс. 
Идеяларды ұсыну математикалық ойлау мен коммуникацияның өзегін 
қалыптастырады, ал балама көріністерді жасау қабілеті осы пәнде табысқа жету үшін 
негіз болып табылады.
Проблемаларды шешу «Қолдану» саласында әдеттегі және күнделікті тапсырмаларға 
баса назар аудара отырып, орталық орынға ие. Есептер нақты өмірлік жағдайлардан 
туындауы немесе тек математикалық мәселелерге қатысты болуы мүмкін, мысалы, 
сандық немесе алгебралық өрнектермен, функциялармен, теңдеулермен, геометриялық 
фигуралармен немесе статистикалық деректер жиынтығымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет