Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 4-сынып


Мәліметтерді визуализациялау: оқу, түсіндіру және ұсыну



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата01.04.2023
өлшемі3.1 Mb.
#471545
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
TIMSS-2020

Мәліметтерді визуализациялау: оқу, түсіндіру және ұсыну
1. 
Кестелерден, пиктограммалардан, гистограммалардан, сызықтық және дөңгелек 
диаграммалардан деректерді оқу, салыстыру және ұсыну.
2. 
Көрсетілетін деректердің қарапайым оқу шеңберінен шығатын сұрақтарға жауап 
беру үшін деректерді көзбен шолу арқылы ақпаратты пайдалану. 
Математиканың танымдық салалары 
TIMSS тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушылар математиканың 
мазмұндық бөлігімен ғана таныс болмауы керек, сонымен қатар оларға танымдық 
дағдыларды қолдану қажет.
Бірінші танымдық сала – «Білім» – оқушылар білуі тиіс фактілер, тұжырымдамалар мен 
процедураларды қамтиды. Екінші сала – «Қолдану» – тапсырмаларды шешу немесе 
сұрақтарға жауап табу үшін оқушылардың білім мен тұжырымдамалық түсініктерді 
қолдану қабілетіне негізделеді. Үшінші сала – «Ойлау» – бейтаныс жағдайларды
күрделі контекстерді және көпсатылы тапсырмаларды қамту үшін күнделікті 
тапсырмаларды шешу шеңберінен шығады (1.2-кесте). Осылайша, танымдық салалар 
оқушылардың ойлау дағдыларының кең спектрін қамтиды. 
1.2-
кесте. TIMSS-2015-те математиканың танымдық салаларының пайыздық 
көрсеткіштері 
Танымдық сала 
Пайыздық арақатынасы 
Білім 
40% 
Қолдану 
40% 
Ойлау 
20% 
Дереккөз: Exhibit 4-дан Grønmo, L.S.-ға бейімделген, Lindquist, M., Arora, A., & I.V.S. Mullis. (2013). TIMSS 
2015 mathematics framework. In I.V.S. Mullis and M.O. Martin (Eds.). TIMSS 2015 assessment frameworks. Boston 
College, TIMSS & PIRLS International Study Center 
сайтынан алынған: 
https://timssandpirls.bc.edu/timss2015/frameworks.html 
 


МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ | 
13
Білім 
Математиканы қолдану немесе математикалық есептер туралы ойлау математикалық 
ұғымдарды білуіне және математикалық дағдыларды еркін меңгеруіне байланысты. 
Оқушы неғұрлым маңызды білімді еске түсіре алса және түсіну шеңбері неғұрлым кең 
болса, көптеген тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Тілді, негізгі фактілерді, сандардың шарттылығын, символдық көріністі және 
кеңістіктік қатынастарды оңай еске түсіруге мүмкіндік беретін білім базасына қол 
жеткізбей, оқушы үшін мақсатты математикалық ойлау мүмкін болмайды. Фактілер 
математиканың негізгі тілін қамтамасыз ететін білімді, сондай-ақ математикалық ойлау 
үшін фундамент қалыптастыратын негізгі математикалық ұғымдар мен қасиеттерді 
қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет