10
|
МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
TIMSS-2019
бағалау шеңберінде «Бөлшектер және ондық бөлшектер»
тақырыптық
бөлімінің пайыздық көрсеткіштері TIMSS-2015-тегі 15%-дан 10%-ға және «Өрнектер,
қарапайым теңдеулер және қатынастар» бөлімінде 10%-дан 15%-ға өзгертілгенін атап
өткен жөн. Бұл дегеніміз – жаңа бағалау шеңберінде «Өрнектер, қарапайым теңдеулер
және қатынастар» бөліміне көп көңіл бөлінеді дегенді білдіреді. Натурал сандар
сандармен жұмыс жасаудағы
кіріспесі болғандықтан, натурал сандар бастауыш
мектептегі математиканың негізін қамтамасыз етеді. Осылайша, натурал сандар басым
компонент болып табылады және оқушылар натурал сандарды есептеп, есептерді шешу
үшін есептеулерді қолдана білуі керек. Алайда нысандар
мен шамалар жиі натурал
сандар болмағандықтан, оқушылар бөлшектерді көптеген
есептеулерде негіз ретінде
түсіну маңызды. Оқушылар бөлшектерді және ондық бөлшектерді салыстыра білуі
керек. Төртінші сыныпта алгебра алды ұғымдар TIMSS бағалауының бір бөлігі болып
табылады, соның ішіне қарапайым теңдеулерде айнымалынын (белгісіз) және шамалар
арасындағы қатынасты бастапқы түсіну де кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: