Ұ. Б. Смаилова


«Не артық?» дидактикалық ойыны



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Сөйлеуді дам2

«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады. 


27 
Шарты: бөлме жиһаздарының ішінен артық затты табады.
3. Рефлексия. 
Балаларға бөлме жиһаздары туралы сұрақтар беріп, қорытындылайды, сипаттағандарын 
бағалайды. Балалар жиһаздарды атап үйренеді. 
 
№ 16 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация. 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді. 
Мақсаты:
Ыдыс-аяқ атауларын меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. 
Түрлі әрекеттерді ауызша жеткізу қабілетін дамыту. 
Міндеттері: 
а) Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру.
ә) Қонақ күту ережелерімен таныстыру.
б) Қонақжайлылыққа баулу. 
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрай білу дағдысын; 
түсінеді: қонақ күтуді; 
қолданады: тағамдар мен ыдыстардың аттарын
Көрнекіліктер: шай ішіп отырған қыз баланың суреті, ойыншық ыдыстар, тағамдар. 
Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері. 
Сөздік жұмыс: ыдыс, тағам. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 
1.Ұйымдастырушылық кезең. 
Балалармен сәлемдесіп, олардың назарын шай ішіп отырған қыз бейнеленген суретке 
аударады. Балалар суретке көңіл аударады. 
 
2.Негізгі кезең. 
– Балалар, суреттен кімді көріп тұрсыңдар? 
– Иә, қыз бала шай ішіп отыр.Үстелде тұрған заттардың аттарын айтайық. 
– Мынау – нан, шай, қант, тәрелке, шәйнек, кесе. Нан, қант, шай тағамдар деп аталады. 
Кесе, шәйнек,тәрелке ыдыстар деп аталады. 
Сұрақтарға қуана жауап береді. Аттарын айтуға талпынады. 
Ыдыстар мен тағамдарды ажыратуға, білуге тырысады. 
Дыбыстық жаттығуы. 
Ыс-ыс – ыдыс. 
Ғам-ғам – тағам. 
Осы сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі. Балаларға қайталатады. 
Ыдыстарға тағамдар салынады. Ыдыстардың түрлерін, үлкен-кішілігін сұрайды. Қандай 
нан, шай екенін сұрайды. Ақ, қара, тәтті деген сөздерді қосып айтқызады. 
Топтағы ойыншық ыдыстарды әкелулерін сұрайды. Ойыншық ыдыстарды қуана әкеледі. 
Олармен ойнайтындарын айтады. Сөздерді қайталайды. Қандай? сұрағына дұрыс жауап 
беруге ұмтылады. 
Ғажайып сәт. 
Қонаққа қуыршақ Айжан келеді. 
– Балалар, Айжан бізге қонаққа келді. Айжанның келгеніне қуанады. Қазақ – қонақшыл 
халықпыз. Қонақты күтуді, сыйлауды білуіміз керек. Кәне, Айжанға шай жасайық деп 


28 
ұсыныс жасайды. Қант пен нанды тәрелкеге, шайды шәйнекке салып, шай дайындап
кесеге құямыз,– деп айтып, үйретіп отырады. 
Балалар тағамдарды ыдыстарға салып, үстелге қойып, Айжанды үстелге шақырады. 
Балалар қонақ күтуді үйренеді. 
Сергіту сәті. 
Орнымыздан тұрамыз, 
Аяқты нық басамыз
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз тынығып аламыз. 
Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет