Ұ. Б. Смаилова


«Дұрыс көрсет, ажырат!» дидактикалық ойыны



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Сөйлеуді дам2

1. «Дұрыс көрсет, ажырат!» дидактикалық ойыны. 
Тағамдар мен ыдыстардың суреттері таратылып беріледі. Атын атағанда тез көрсетуі және 
ол тағам ба, ыдыспа – дұрыс ажыратуы керек. Тағам және ыдыстарды ажыратады. 
2. «Не артық?» дидактикалық ойыны
Суреттен артық затты табады. Заттың атын атап, артық затты табуға тырысады. 
3. Рефлексия. 
Сұрақтар қою арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Дұрыс айта 
алмаған балаларға көмектеседі. Белсенділік танытқан балаларды мадақтайды. 
 
№ 17 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарларының төлдері. 
Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу. Пассивті және 
белсенді сөздік қорын кеңейту. Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.  
Міндеттері:
а) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.
ә) Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.
б) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту. 
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын
түсінеді: үй жануарларының төлдері туралы мәліметті;
қолданады: төлдер туралы жалпы түсініктерін. 
Көрнекіліктер: жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер ( үй жануарлары мен төлдері). 
Сөздік жұмыс: төл. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 
1.Ұйымдастырушылық кезең
Балалардың назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады. Суретке 
қызығушылық танытады. 
– Балалар, мынау – жайлаудың суреті. Жайлауда малдар жайылып жүр. Мынау қандай 
жануар? Ал мынау ше? Бұлар қандай жануарлар? 
– Дұрыс айтасыңдар, үй жануарлары. 
– Неге үй жануарлары деп айтамыз? 
– Қандай пайдасы бар? 
– Сиыр, қой, жылқының қандай пайдасы бар? 


29 
– Ит үй жануарларына жата ма?
Сұрақтарға жауап беруге талпынады. 
– Ит – үй жануары, себебі: үйді күзетеді, адамға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет