Сергіту сәті. «Бір, екі, үш», – деп Алақанды соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.
1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді. 2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді жасыл сөмкеге сызып көрсету. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын,
түстерін әңгімелеуге тырысады. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.
3. Рефлексия. Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге
талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді.
№ 14 ҰОҚ Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.
Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып,балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері: а)Ертегі мазмұнымен таныстыру.
ә) Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға
талпындыру.
б) Еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: жасайды: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын; түсінеді: ертегі мазмұнын;
қолданады: ертегі туралы түсінікті;
Көрнекіліктер: ертегінің суреттері, кейіпкерлердің жылжымалы суреттері.
Сөздік жұмыс: шалқан, бірінің артынан бірі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1. Ұйымдастырушылық кезең. Балаларды жартылай шеңберге отырғызады да,
оларға ертегі айтып беретінін, ертегіні мұқият тыңдау керектігін айтады.
2. Негізгі кезең. Ертегінің мазмұнын сюжетті суреттерді ретімен көрсете отырып мазмұндайды. Балалар
ертегіге қызығушылық танытады. Ертегіні мұқият тыңдауға құлшыныс білдіреді.
Сергіту сәті.
Мынау отырған – мысық,
Екі көзін қысып.
Ұйықтап отыр маужырап,
Сүт көжесін ішіп.
Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.
26
Балаларға сұрақтар бере отырып, жылжымалы суреттермен ертегіні қайталатады.