Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата19.04.2023
өлшемі215.29 Kb.
#472463
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ
Мәтін дегеніміз не?
Шығармашылық диктант
Мектепте салтанатты жиын болды. Жиын соңында түрлі 
түсті шарлар аспанға ұшырылды. Бүгін – Білім күні. Оқушылар 
мектепке келді. Құттықтау сөздер әншашумен жалғасты. 
• Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрас-
тырту.
Графикалық диктант 
• Берілген сызбаның көмегімен мәтін құрастырту.
Терме диктант
Мынау – сынып бөлмесі. Оның терезелері үлкен. Түн 
ұзарды. Сол жақта мұғалім үстелі мен орындығы қойылған. 


25
Терезелердің алдында гүлдер өсіп тұр. Оң жақта менің төсегім 
тұр. Оқушылар үстелі мен орындығы топпен жұмыс істеуге 
ыңғайлы етіп орналастырылған. Сынып бөлмесінің ауасы таза.
• Сынып бөлмесі туралы сөйлемдерді мәтін шығатындай
етіп теріп жаздыру. Мәтіннің қай түрі екенін анықтату. 
Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі
ой дегеніміз не?
Көру диктанты
Тақтайлардың қалдығын
Қиып,
Қырнап,
Қашадым.
Қиыстырып барлығын,
Бір орындық жасадым.
 
Қастек Баянбай
• Өлеңнің не туралы екенін тапқызу. Өлеңге ат қою.
 
Өздік диктант
Ахмет Байтұрсынұлы
Ақын, ғалым Ахмет туған Ақкөлде,
Ғалым атын жазшы жырдай дәптерге.
Сол атадан Ана тілін үйренген
Атаң,
Әжең,
Әкең,
Шешең,
Әпкең де...
«Әліппенің», өлеңжырдың ұстасы,
Ахмет ата – бүкіл халық ұстазы. 
 
Мұзафар Әлімбай


26
Шығармашылық диктант
Тәлім алған осында атамыз да,
Әжеміз де, анамыз да, әкеміз де.
Құшағына түлегін шақырды ана –
Енді біз де үлгілі шәкірт бала.
 
Мұзафар Әлімбай
• Өлең не туралы екенін тапқызу. Тақырыптың қыс-
қаша атауы түрінде мәтінге ат қойғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет