252
253
күй және күйшілер туралы аңыздар
ай, адам жанын айтқызбай түсінетін жампоз екенсіз ғой! Ту саң
ту! Әлгі сырлы саз қырдың қызыл киігін қиялдағы жез киік ке
айналдырып жіберді-ау!»—деген екен.
Сол жерде «Жезкиік» деген атпен тұсауы кесілген күй ке-
шікпей-ақ байтақ қазақ даласына тарайды...
Бұл—қазіргі Жезқазған облысына қарасты Жаңаарқа ауда-
нының жерінде қыз бұрымындай
Көктал деп аталатын өзеннің
бойында 1880 жылы жаз айларының бір мамыражай шағында
болған оқиға.
Ел ішінде «Жезкиік» күйіне қатысты мұнан басқа да бір
аңыз айтылады. ықыластың үлкен әкесі Алтын бармағы майыс-
қан зергер болыпты дейді. Сол кезде тамалармен жапсар Қоңыр
төренің ауылы отырады екен. Бұл—әйгілі Құдайменде төренің
бел баласы. Құдаймендеден Қоңыр, одан Бегалы, Жаналы де-
ген екі бала болған. Бегалыдан Жәңгір туған. осылардың қай-
қайсысы да төрелігіне қоса төңірегіне
байлығымен де даңқы
жайылған, жуансіңір шонжарлар болған.
Бірде Қоңыр төре өзінің бой жетіп отырған қызының жа-
сауын келістіру үшін Алтын зергерді арнайы шақыртып, жаз
бойы зер бұйым жасатады. Алтынмен бірге ер жетіп қалған
немересі ықылас еріп келеді. Жай еріп келмейді, жасы
ұлғайып қалған атасының бірде көрігін басып, бірде көмірін та-
сып, қолқабыс тигізеді. Қоңыр төренің қызы өзіне арнайы зер-
гер бұйым жасалып жатқан соң, күн сайын ұстаханаға келіп,
бірде
саусағын, енді бірде білегін өлшетіп кетіп жүреді. Сөйтіп,
жүріп ықылас екеуі жақын танысып, сөздері жарасып, бір-
біріне көңілдері құлайды. Әсіресе, ықылас тұңғыш рет бозбала
сезіммен құлай беріліп, жан дүниесі жалынға оранғандай күй
кешеді. оның үстіне Қоңыр төренің қызы атастырған жігітіне
салқындау болса керек. Бұл да ықыластың қабырғасын сөк-
кендей жүрегін сыздатады. Аз уақытта танымастай өзгеріп,
мұңая тұйықталып жалғыз ғана қобызымен сырласқандай
ертелі-кеш күй шалады.
Мұнің бәрін зерек атасы Алтекең сезіп жүреді. Немересі нің
уыз сезімін аяп, іштей күйзеледі. Бірақ амал бар ма?!
Содан, күндердің күнінде төре қызының зер бұйымдары да
жасалып бітеді. Қоңыр төре мейлінше риза көңілмен: «Алте-
ке, қолың құтты болсын, мынау қол майың»,—деп,
алдына екі
үйір жылқы салады.
254
күй аңыздар
Сонда Алтын алғысын айта отырып: «Көңілің зерек, құла-
ғың түрік төресің ғой, баламның күйін тыңда»,—деген екен.
Мұнысы, төремен сүйек боламын деп дәмесін зорайтпаса да, екі
жастың бір-біріне ынтық сезімін емеурін еткені еді дейді.
Қоңыр төре бұл емеурінді түсінеді. Түсінбегенде ше, атасы
иек қағуы мұң екен ықылас жаз бойы жас жүрегіне жұбаныш
болған күйін лекіте шалып жөнеледі. Сырты сұлу тың сарын
естір құлақты елең еткізіп, жүрдек ырғағына еліктіре үйіріп
жөнелгенімен, күй астарындағы мұңлы сезім жүректі шымыр-
латып сығымдағандай болады.
Сонда, Қоңыр төре де іштей мүжіліп, өзінен-өзі шөгіп, үн-
түнсіз отырып қалған екен...
Кейін, арада жылдар өткенде ықылас жолаушылап келе
жатып
қалың қорым, моланың арасынан әлдекімнің мұңлы
даусын естіп, ат басын бұрады. Жақындап келсе үсті-басы өрім-
өрім, ағара бастаған шашы ұйысқан, есі кірерлі-шығарлы бір
бейбақ әйелді көреді. Бұл баяғы Қоңыр төренің ықылас ғашық
болып, өзінің әйгілі «Жезкиік» күйін арнаған қызы еді дейді.
ықыластың әйгілі «Қоңыр» күйі осы Қоңыр төреге арналып
еді деген сөз бар.
Достарыңызбен бөлісу: