Дина Нұрпейісова (Дина Кенжеқызы Нұрпейіс келіні)
/1861-1955/—домбырашы, күйші, композитор, Қазақстан ның
халық артисі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі
белгілі домбырашы болған. Дина домбыра тартуды 8-9 жа сын-
да үйренеді. оның Құрманғазымен кездесуі болашақ өнер жо-
лында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Динаның дары ны на
тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді. Ақыл-кеңес беріп, күй үй ре-
теді, оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін орын-
дап қана қоймай, оның күйшілік, орындаушылық өнерін де гі
ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Құрманғазы-
ның мектебінен өту Динаның домбырашылық өнерін шың-
дай түсті. Динаның «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүн» атты
күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары-
ның бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамына
кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Ди-
ханбай батыр шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің кіші әйелі
Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы-
мыр болып бөлінеді.
Едіге—ХIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та-
рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы
болған. ол Алтын орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында
тәуелсіз билік құрумен бірге, ел басқару істеріне белсене ара-
ласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеу-
шісі мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына
шешуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес ресей жеріне
бірнеше рет баса көктеп кірді. 1396-1419 жылдары ұлы Ноғай
ордасын құрып, оның басты бегі болды. Қара халық арасы-
нан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын
қорғағандықтан, қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын
жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған. оның бейнесі мен
есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бой-
ынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде—ұлытауда жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |