«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет22/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

31. «Бозайғыр»
(ІІ нұсқа)
өткен заманда бір байдың жылқыларының ішінде боз ай-
ғыры бар екен. Боз айғыр жылқылардан ұзап алысқа кетпей, 
шет жағында жүретін. Бір күні жылқыны ұрылар айдап кетеді. 
Бозайғыр үйірімен бірге ұрылардың қолында үш күн болып, 
төртінші күні өздерін айдап келе жатқан адамдардың бөтен 
екенін сезіп, ауылға қарай қашып, үйге келеді. Бозайғырдың 
үйірінен бұлайша бөлініп келуінің тегін емесін сезген бай-
дың баласы, айғырды жүгендеп, жылқының соңынан қуады. 
Жыл қыға жетіп, алдын орап үйірді кейін қарай қайырады. 
ұры лар балаға жан-жақтан лап қойып ортаға алмақшы бол-
ған да, Бозайғыр үстіндегі баланы бір шетке алып шығады. Ба-
ла ұрыларға бір бүйірден тиісіп, бір-екеуін құлатады. ұрылар 
баланы тірідей ұстап алып, жәбірлегісі келеді. Бірақ олардың 
бұл ойына бала да, Бозайғыр да көнбей, ұрылардың тағы екеуін 


48
күй аңыздар
құла тып, кейін қарай бет бұрғанда, ұстай алмасына көздері жет-
кен ұрылар садағымен баланы атып санынан жаралайды. Ба ла 
жаралы санын белбеумен таңып алып, ұрыларға өшіге қай та 
тиісіп, өзі аттан түсіп, жүруге шамасы келмей қансырап жата ды 
да, атты қоя береді. Бозайғыр босанған бойда ауылға тартады.
Бозайғырды көрген бай қамығып: «Балам өлген екен, енді 
не болса да ізіне түсіп іздейін» деп айғырға мінгенде, Бозайғыр 
байға бас бермей, тауда қалған балаға қарай ала жөнеледі. 
Келсе, шынында, бала өліпті. Баласының өліміне қайғырып, 
жылап-еңіреп бай далада отырғанда қасында тұрған Бозайғыр 
оқыранып қоя берді. «Тағы да ұрылар келіп қалған екен»,—деп 
бай зәресі кетіп, орнынан ұшып тұрса, бір салт атты жалғыз жо-
лаушы екен. Ерінің қасында домбырасы бар. Әлгі жолау шы ға 
бай болған жағдайды түгел баяндайды. Сонда жолаушы: 
—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің 
балаңдай болсын. «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды» де-
ген осы да. Балаңның ерлігіне астындағы аты сай екен. «Жақсы 
ат жаман жігітті де ер етеді» деген бар ғой. Мына жануар дәл 
соған сай келеді екен,—деп қолына домбырасын алып бір күйді 
тарта беріпті.
Күй күңірене барып аяқталғанда күйзеліп отырған бай:
—Замандас! Мына тартқаның қайғылы саз болды ғой? Атын 
не дейсіз?—депті. Сонда күйші:
—Жануар мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған арнап 
тарттым, өйткені бұл айғыр болмаса, сенің балаң қайда қалар 
еді, сен балаңды қайдан табар едің?—депті.
осыдан бастап бұл күй ел арасында «Бозайғыр» атанып, 
таралған көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет