46
күй аңыздар
бастап отырсың! осы, ағаңнан айырылып қалып отырғаннан
саумысың?»—депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсіп
кеткен екен деп аңыз қылады.
28. «Қорамжан»
(І нұсқа)
«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен.
Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып,
үсіп өліпті. Сондағы
қайғылы хабарды естігенде, шешесінің:
«Жалғыз қалған сорлы анаң,
Қайғы мен зарға жаралған.
Ажалың болды бораннан,
Айналайын Қорамжан,
Сорлап қалдым, Қорамжан!
Зарлап қалдым, Қорамжан»,—
деп айтқан жоқтауынан туған күй екен.
Достарыңызбен бөлісу: