Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Ой өріс

мен тіл өрнегі.  Олар ертегіні көркемдеп қана қоймайды, оның эстетикалық 


112 
функциясын да күшейтеді, өйткені халықтың идеал қаһарманын бейнелеуге 
қызмет етеді. 
Кейіпкерді айрықша даралап көрсетуде ертегінің стилі мен әртүрлі 
көркемдік әдістердің де атқаратын рөлі зор. Басқа халықтардың 
ертегілеріндегідей қазақтың ертегілерінде де өте-мөте тұрақты және кең 
тараған әдістер әсірелеу, қайталау және контраст болып табылады. 
Әсірелеу – жалпы фольклордың жанрлық төркінінен туып, қарапайым 
мен керемет нәрселердің, шалқыған қиял мен тіршілік жәйттардың аралас 
келуін байқататын көркемдік әдіс. Әсірелеу эпикалық образ жасауда негізгі 
рөл атқарады, идеал кейіпкердің ерекшелігін айқындай түседі. 
Ертегі негізгі кейіпкердің өзін де, көмекшілерін де, сонымен қатар оның 
күресіп жеңетін қарсыластары мен қиыншылық бөгеттерді де әсірелей 
көрсетеді. Кейіпкердің тұлғасы ерекше қасиеттерге бөленген. Ол туа келе 
кереметтей тез өседі, алып күштің иесі болады. Кейіпкермен бірге оның 
көмекшілері мен дұшпандары да әсірелей бейнеленеді. 
Көмекшілерінің ішінде өте-мөте әсірелеу арқылы суреттелетіндері ат 
пен алып құс. Мәселен, кейіпкер өзінің жан серігі етіп таңдаған аттың тұрқы 
мен шабысын ертегі былай суреттейді. Кейіпкер алыс сапарға даярланып 
жүріп үйірден өзіне лайық ат іздейді, оның назары бір аласа арық тайға 
ауады.
«Қотыр күрең тайды барып ұстай алады, ұстаған екен, құнан болады, 
жүгендеген екен, дөнен болады, ерттеп мінген екен, бесті ат болады. 
Айшылық жерді алты аттайды, жылшылық жерді жеті аттайды. Сол ат 
айтты Еркем Айдарға: «Менің үстімде жүргенде сені мен жауға алдырсам, 
ат болмайын, менің үстімде сен жауға алдырсаң, сен жігіт болма» [26]. 
Ал, Самұрық құстың ұшу жылдамдығы мен күші мынандай. 
Кейіпкер жыл сайын алып қара құстың балапандарын жеп кетіп жүрген 
айдаһарды өлтіріп, бәйтерек түбінде демалып отырады.  
«Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шықты. Қатты дауыл 
жерді шаңдатты. 
– Бұл не? – деп сұрады Жартытөстік. 
Сонда екі балапан айтты: 
– Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі. Нөсер жауын құйып-
құйып жіберді. 
– Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты: 
– Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да бірі ілеспей 
қойды деп жылағаны, – деді. 
Күн ашылып, қар жауды, жапалақ-жапалақ. 
– Бұл не? – деді. 
– Анамыздың қуанып қарқ-қарқ күлгені, – деді. Құс келіп ағаш басына 
қонғанда, үйдің жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді, – дейді» [27].
Ертегіде кейіпкердің жаулары да әсірелей көрсетілген. Осы арқылы 
ертегі халық идеалын онан әрі көтере, дәріптей түседі. 
Оның жауы, мейлі ол мифтік керемет тұлға, немесе адам болсын бәрібір, 
орасан зор күш иесі ретінде бейнеленді. Мысалы, дәудің қайраты мен 


113 
күштілігі соншалық, ол қаһарманның таспен ұрғанын тіпті бүрге шаққан 
құрлы көрмейді [28].
Кейіпкердің, міне, осындай алып та күшті дұшпандарын жеңуі, – сөзсіз, 
халықтың ел қорғанышы боларлық жан туралы арманының жемісі мен оның 
жақсылық пен жамандыққа, әділеттілік пен әділетсіздікке деген 
көзқарасының сәулесі. 
Қазақ ертегілерінде кең қолданылатын әдістің бірі – қарсы қою, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет