заманда начальство күбәеп китте, ди. Бар иде, ди, бер кеше, чыгып китте,
ди, ул ике суқмақ, бер юл белән. Көкре китте, жантық китте, ди, чалыш
китте, кыек китте, бара-бара барып житте, ди, бу ике куак бер талға.
107
Берне кисте кәкрене, берне кисте бөкрене, яне китте, ди, ике сукмак бер юл
белән; барып житте, ди, бу бер күлгә, утырып торадыр иде, ди, анда ике
чурәки, бер үрдәк. Көкре атты – тияр-тимәс булды, бәкре атты – тиде,
ди. Урдәкне суйды, пот май чыкты, ди.
Шул заманда булған икән, ди, бер патша» [6].
Төрт түркі тектес халықтардың ертегісіне тән кіріспе мен бастама басқа
түркі тектес көшпелі халықтар ертегісінде дәл осылай қатар келе бермейді.
Онда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен, сондықтан ертегі дереу кейіпкермен
таныстыруды мақсат тұтады. Соның нәтижесінде ертегіде ұзын сонар
кіріспенің орнына кеңейтілген бастама айтылады. Бұл қарақалпақ, түрікпен,
қырғыз, башқұрт, қазақ ертегілеріне тән. Бірнеше мысал келтірейік.
Түрікпен ертегісінің бастамасы:
«Бир бар экен, бир ёк экен, патышахы дегремен, бәш дийсе, бәш галада,
он дийсе, он галада, газакда, галпакда, екдуки генжи Гарабагда, Асма, Бусма,
сурхы непедов, ажыңа ажы, эрезең-березең, гарынча депди, дүйәнин гози
чыкды. Астрабадың дағы, ичинде чар бағы, гарынча, билинде сапанча, бир
эли эер гашында, бир эли уян башында, гадым эйямда Чандыбил юрдунда
бир Догулы диен молла барды. Бу молланың хүй-хәсиети или алдап, пул
алмакды» [7].
Міне, мұнда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен. Ертек оқиғасына қатысы
жоқ жәйттер айтылып келеді де, дереу кейіпкердің есімі, оның кім екені
хабарланады, тіпті бірден оған мінездеме де беріледі. Мұндай жағдайды тағы
басқа түркілер ертегісінен анықтап көрейік.
Қарақалпақ ертегісінен:
«Ертегим ертек, қулағы шертек, бири рас болса, бири өтирик, әйтеуир
бурында бир ғарры, кемпир жасапты. Ортасында бир баласы
болыпты» [8].
Тағы бір түрі: «Бұрынғы өткен заманда, дин мусылман аманда,
бөденениң аяғын аннан-саннан бир басып, жорғалаған уақытында Шахаббаз
деген патша өтипти. Шахаббаз патшаның 40 қатыны болыпты» [9].
Қырғыз ертегісінің бастамасы:
«Илгери-илгери Кебез-Тоонун кең жайлоосунда ажыдаар менен
арбашкан, желмогуз менен кармашкан, ааламдын жүзүн кыдырган Тоштук
деген баатыр болгон экен. Ал сакалы агарып карыганча балалуу
болбоптур» [10].
Башқұрт халқының ертегісіндегі бастама:
«Борон-борон заманда түбәһенә қараһақ, түбәтәйең төшәрлек бейек,
кеше үткеһез шыр урманлы тау итәгендәге бер ауылда бер қарт һунарсы
булған ти. Уның Түземғол исемле бер генә улы ла булған» [11]. Тағы бір түрі:
«Борон-борон заманда көзә балкауник, һарык әфсәр булған заманда
йәшәгән, ти, бер әбей менен бабай. Уларзың булған, ти, дурт қызы» [12].
Қазақ ертегілерінде де мұндай кеңейтілген бастама кездеседі, алайда, сан
жағынан көп емес. Ғылыми-көпшілік түрде шыққан үш томға [13] енген
ертегілерден мысал келтірейік:
108
1. «Ертеде, ерте-ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында,
Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты» [14].
2. «Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болғн екен, бір
перзентке зар болған екен» [15].
3. «Ертегім ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, ерте заманда бір аңшы
болған екен» [16].
4. «Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байға жүрген қойшы
байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына
Достарыңызбен бөлісу: |