118
байлығын, құндылықтарын білуге, әлемге танытуға деген зор құлшыныс
орасан талпыныс белгісі болып отыр.
Қазіргі жүріп жатқан екінші процесс – жаһандану. Жаһанданудың
илеуіне түспес үшін біз осы бастан өзіміздің рухани мұрамызды, ұлттық ән
мен өлеңімізді дұрыс сақтай білуіміз керек. Алайда, құр сақтау жеткіліксіз.
Мұраны қатып қалған мүсін ретінде сақтау дұрыс емес әрі мүмкін де емес.
Сол мұраның
ұлттық сипатын сақтай отырып, осы күнгі үрдіске, талапқа,
талғамға сәйкес пайдалана білу қажет. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалана
отырып, сол мұраға соны нәшіндер мен нақыштар дарыта білу шарт. Сонда
ғана біздің ежелгі ән-күйіміз, өлең-жырымыз жойылып кетпейді, өзінің
өзегін сақтай отырып, жаңаша естілетін болады. Қазіргі кезде талапты да
талантты жастарымыз бұл салада өз шама-шарқынша жұмыс атқаруда. Олар
ескі ән мен күйді жаңа аранжировкаға түсіруде, домбыра мен қобызға басқа
аспаптарды қосу арқылы әндерді, күйлерді
жаңаша орындап, оларға жаңа
сарын беруде. Бұл істе ұтымды да, ұтымсыз да тәжірибе бар. Әсіресе,
бұрынғы әндердің тексін бұзып, сөздерін өзгертіп орындау концертте де,
радио мен теледидар бағдарламаларында да, шығып жатқан кітаптарда да жиі
кездеседі.
Шынын айту керек, бұл олқылықтардың түрі бірнеше және олар әртүрлі
себепке байланысты. Олардың біразы Кеңес өкіметі тұсындағы таптық-
партиялық
идеологияның
салдарынан
болса,
енді
біреулері
орындаушылардың халық әнінің сөзіне мән бермегендіктен,
немесе сөзін
білмегендіктен болса, үшіншілері – орындаушылардың ән сөздерін өз аулына
қарай бұра айтуынан. Тағы бір тенденция – ескі халық әндерін ешқандай
негізсіз бір авторға тели салу, сондай-ақ текске кірме сөздерді орынсыз енгізу
т.б. Міне, осыларды ғылыми тұрғыдан қарап, ақиқатты анықтау және
жұртшылыққа әннің әуенін ғана емес, мәтінін дұрыс жеткізу –
рухани
мұрамызды бүгінгі және келешек өмірге қажетті дүние етудің – басты шарты
деп ойлаймыз. Осы айтқан ойларымызға нақты мысалдар келтірейік.
Кеңес өкіметі мен компартияның саясатына лайықтап, ежелгі әндердің
сөзін өзгерту 1930-50 жылдары жүзеге асты. Соның салдарынан бұрмаланған
сөздер әлі күнге дейін солай айтылып жүр. Осыдан бір-екі ай бұрын
радиодан белгілі әншіміз Бекболат Тілеухановтың орындауында әдемі ән
берілді. Диктор – Біржанның әні «Сырғақты» деді. Бекболат бастап кетті:
Ақ тұйғын құс қолымда ырғақты ма,
Басып-басып алайын сырғақтыма...
Қараңызшы: «Ақ тұйғын құс қолымда ырғақты ма, Басып-басып алайын
сырғақтыма», – дейді. Сонда тұйғын құс «ырғақты» болады да, ән
«сырғақты» болады. Ешбір логика жоқ.
Бұл жерде Бекболаттың да, радио дикторының да кінасы жоқ. Әнді
бұрынғы майталман әншілеріміз Жүсіпбек те, Жәнібек те осылай айтатын.
Кезінде марқұм Жәнібекке сөздің қате айтылып жүргенін айтқанмын. Ол
уәжге тоқтаған еді. Және өзі дайындап, жариялаған «Халық әндері мен халық
119
композиторларының әндері» атты жинағында әннің мәтінін дұрыстапты да,
атауын сол күйінде қалдырыпты [3]. Ал, әннің дұрыс атауы –
«Ырғақты».
Сөзімізді дәлелдейік.
Александр Затаевичтің 1925 жылы Орынборда шыққан «Қазақ халқының
1000 әні» атты жинағында бұл ән «Ырғақты» деп берілген [4]. Әнді айтқан
адам – кәдімгі Жүсіпбек Аймауытов. Осы әнге берген түсініктемесінде
А.Затаевич былай деп жазады.
«Ыргакты» имеет еще и другое значение, кроме «волнообразный». Так
называется и один из киргизских родов» [5]. Міне, әннің басқаша аталып
кетуінің себебі қайда? 1930 жылдардан бастап қазақтың дәстүрлері
«ескілікті», «керітартпа», «патриархалдықтың белгісі» делініп, ру мен
тайпалардың, тіпті үш жүздің атын әнге қосуға болмайтын еді. Ал, бүкіл
әннің атын рудың атымен атау – барып тұрған рушылдық деп есептелді.
Сөйтіп, Абыралы мен
Қарқаралы аймағында тұратын Ырғақты руының
атымен сәйкес келген
«Ырғақты» сөзін әннің атауы деп айтуға
қорыққандықтан ескі әндерге жаңадан сөз шығарушылар мен орындаушылар
ертеден айтылып жүрген
«Ырғақты» әнін
«Сырғақты» деп атап жіберген.
Сол атау әлі де жүр әрі ән мазмұнына нұқсан келтіріп тұр. Біріншіден,
Достарыңызбен бөлісу: