121
қолданады, сөйтіп, әннің негізгі ойын тереңдетіп жеткізудің орнына жеңіл-
желпі етіп жібереді. Көп жағдайда ондай сөздерді орынсыз қолданып, әндегі
сезімді жеткізбейді, я болмаса басқа жаққа бұрып жібереді.
Қазіргі
әншілеріміз халық әніне де, халық композиторлар әніне де
«сәулем» сөзін
қалай болса-солай қолдана береді. Әдетте, ежелгі халық әндерінде
«сәулем»
сөзі
«сүйіктім» деген мағынада қолданылмайды.
Оның орнына «қарғам»,
«қарағым», «қалқа», «қалқам», «құрбым» сөздері қолданылады. Жалпы,
қазақ этикасында да, фольклорында да жігіт те,
қыз да сезімдерін ашық
көрсетпейді, қанша бір-біріне ғашық болса да «сүйдім-күйдім» деп
лапылдамайды. Бірде-бір батырымыз да, олардың бірде-бір жары да ішкі
сезімдерін «күйдім-жандым» деп білдірмейді. Жібек те, Баян да, Ақжүніс те,
Назым да батырға деген сүйіспеншілігі қаншама жалынды болса да, әдеп
сақтайды, махаббат сезімдерін іште сақтайды. Себебі халықтың этикасы,
әдет-ғұрпы соны талап етеді. (Осы түсінік-пайым мұндаға шейін сақталып
келгенін біздің ұрпақ жақсы біледі. Тіпті 1950-60
жылдары радиодан
«Сәулем, сәулем, сәулемсің» деген әнді естігенде қариялар «ой, оңбаған,
қарашы күйіп, өліп бара жатқанын?! Не деген көргенсіздік!» - деп отырғанын
талай естідік).
Халық әндері мен өлеңдері де – фольклор. Олар да халықтың этикасынан
шықпайды. Сол себепті ескі әндерде «сәулем» сөзі «сүйіктім» деген
мағынада қолданылмаған. Фольклорды былай қойғанда
«сәулем» сөзін бізге
жеткен
ХV-ХІХ
ғасырларда
жасаған
ақын-жырауларымыздан
кездестірмейміз. Тек Абай ғана «сәуле» сөзін қолданған.
Сонда да ол
«сүйіктім» деген мағынада емес.
Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңлің бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл [8] –
дейді Абай.
Тағы бірде Абай айтады:
Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,
Достарыңызбен бөлісу: