188
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
23-cабақ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Анықтамасы:
Хабарландыру дегеніміз – мекемелердің, ұйымдардың атынан
оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап
жеткізетін ісқағазының бір түрі.
Хабарландыру қандай да бір іс-шараның өту мерзімін, уақытын,
мекенін хабарлау үшін беріледі. Хабарландырулармен теледидар, радио,
газет және хабарландыру тақталары арқылы танысуға болады.
Хабарландыруда хабарланғалы отырған нәрсенің мерзімі, күні, айы,
жылы және уақыты мен мекенжайы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Хабарландырудың соңында хабарландыру беруші мекеме, ұйым,
әкімшіліктік атауы жазылады. Хабарландыру көлемі жағынан әртүрлі
және еркін мәтінді болып келеді.
Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті
жеткізу. Бұл мәлімет әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы,
егер тұлға өз
мүлігін сатса, ол хабарландыруда оның сипаттамасын міндетті түрде
жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты
мен өткізілетін орны жазылуы керек.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос
қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жа-
рияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға
қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды,
нақты жазылады
Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабар-
ландыру тақталары арқылы танысуға болады. Хабарландыру әртүрлі
жағдайлар, мысалы, бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті
сату, сатып алу және қандай да бір қызмет түрлерін
ұсыну туралы,
сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар-
лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады.
Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай
мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария-
лайтыны, одан кейін үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа
қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен-
жайы көрсетіледі.
Хабарландыру хабарландырылатын мәселенің мазмұнына қарай 6
түрге бөлінеді:
1. Бос орындарға хабарландыру.
2. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру.
3. Мәдени шараларға хабарландыру.
189
Орынғазы Әбутәліп
4. Тендерге хабарландыру.
5. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
6. Жалпылама хабарландыру.
Достарыңызбен бөлісу: