І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
әдеби мұраны игеру саласындағы
жұ мыстардың үлкен олжасы болды.
Бұл әдеби мұраны жинау-жариялау-
дың осы кезде ерекше қарқынмен
жүргізілгенін танытады.
Әдеби мұраны жинап-жария лау-
дағы осы алғашқы ізденістер мен
табыстар қазақ зиялыларының енді
бір тобының әуелі түсіндірмелік, та-
ныстырмалық сипатта пікір айтуын
туғызды да, кейін ол ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірге ұласты. Сон-
дықтан ХХ ғасыр басында көрінген
қазақ фольклористерінің үшінші то-
бына халық ауыз әдебиетінің үлгіле-
рін жариялаумен шұғылдануымен
қатар, оны ғылыми тұрғыда зерттеу
жолында еңбек еткен зерттеушілер-
ді жатқызамыз. Бұлар филологиялық
мектептің зерттеу әдіс-тәсілдерінен
қарағанда тарихи-мәдени мектепке
тән бағыттағы зерттеу талабына сай
еңбек етті. Батыста француз ғалымы
И. Тэн (1828-1893) негізін салған бұл
мектептің зерттеу әдісі Ресейде ака-
демик А. Н. Пыпин (1833-1904) та-
рапынан қолдау тауып, әдеби мұраны
зерттеуде тарихилық принципін бас-
ты негізге алған болатын.
Әдеби мұраның тарихилығы қа-
ғидасы ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында М. Бабажанов, Б. Дауылбаев,
Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ы. Алтын-
сарин, А. Құнанбаев еңбектерінен
бастау алса, енді ол ХХ ғасыр ба-
сында Ә. Бөкейханов, О. Әлжанов.
Р. Дүйсенбаев, А. Құрманбаев, Д. Сұл-
танғазин, Ш. Құдайбердиев, М. Ж. Кө-
пеев тағы басқалардың фольклор та-
ну саласындағы тарихи-этнография-
лық мақалалары мен еңбектерінде
көрі ніс тапты. Бұлардың бәріне бір дей
тоқталып жату мүмкін емес және олар
қазақ фольклористикасының тари-
хын тексерген еңбектерде қарасты-
рыл ды. Әйтсе де оларда ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікірдің методология-
лық мәселелерінің қандай дәрежеде
көрініс тапқаны мақсатты түрде қа-
растырылмағандықтан, ғылыми си-
патына тоқтала кету артық болмайды.
Бұл әдебиетші фольклористердің
еңбектерінде әдеби мұраның та-
рихилығы принципі екі түрлі ба-
ғытта көрінді. Біріншісі – тарихи-
этнографиялық сипаты басым ең-
бектер. Бұл ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің бір сипатын, яғни зерт-
теуге деген ұмтылыстың ғылыми
ар наға ұласар жолындағы ізденістің
көрінісін танытады. Олардың мақа-
лалары фольклордың тұрмыс-салт
жырлары және мақал-мәтел, жұм-
бақ секілді жанрларына арналуы,
эт нографиялық сипаттың басым бо-
луына әсер еткен. Сол сияқты эпи-
калық жырлар мен қиссаларды кі тап
етіп бастырып шығару барысын да
тарихи-этнографиялық сипат басым
болғанын аңғару қиын емес. Мы-
салы, Т. Сейдалин мен С. Жан тө-
рин құрастырып шығарған «Қазақ
өлең дері» атты фольклорлық жинақ
сол кездегі елеулі оқиға болды. Құ-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|