І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
бойы есін жинай алмай келе жат-
қан» (А. Янушкевич), орыс фолькло-
рист-ориенталист ғалымының «қа -
зақ өлеңінің мәні жоқ, көбі кө-
ріксіз, олардың ән айтқаны қойдың
маңырағаны секілді» (А. Левшин)
деген секілді пікірлер айтуының не-
гізгі себеп-салдарын ашатын уақыт
жетті. Бұл – қазақ әдебиеттану ғы-
лымында назардан тыс қалып жүрген
мәселелердің бірі.
Қазақтың әдеби мұрасы тура-
лы орыс саяхатшыларының алғаш-
қы жолжазбалары мен сипаттама-
лары болмаса, мардымды жұмыстар
жүргізілген жоқ, олардағы пікір-
лер таныстырмалық, түсіндірмелік
мән де болды. Алайда қазақ жерін
түгел дей жаулап алуды мақсат тұт-
қан отаршылдық саясат күшпен
жүр гізіле бастады да, қазақ елін
зерт теуге мол мүмкіншілік ашыл-
ды. Осы отаршылдық саясат әкел-
ген елеулі жаңалықтардың әсерінен
қазақ халқының қоғамдық-әлеумет-
тік ой-санасының өсуі, орыс ға-
лымдарының зерттеу саласындағы
ыждағатты еңбегі, оқу-білімге, мә-
дениет пен ғылымға деген ұмты-
лыс ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ға-
сыр басында ұлт зиялыларының
а лғашқы әдебиеттанушы өкілдерін
қа лыптастырды. Олар орыс ғалым-
дарының жетекшілік бағыт-бағда-
ры көмегімен әдеби мұраны иге-
ру проблемасына араласа баста-
ды. Бірақ бұл кезеңде Ресейдегі
әдебиеттану ғылымының алға озып
кете қойғаны шамалы да еді. Әде би-
теориялық ой-пікір поэзия саласын-
да біршама өркендегені мен, ғылы-
ми-зерттеушілік ой-пікірде фи ло-
логиялық мектеп пен тарихи-мә дени
мектеп енді ғана аяғынан қаз тұра
бастаған болатын. Оның өкілдері
орыс әдебиеті тарихын зерттеу мә-
селесін көтеріп, әдеби мұраны игеру
мәселелерін енді қолға ала бастаған
еді. «В России собирание народ ных
памятников началось, по мнению
Пыпина, в ХVІІІ веке и было «бес-
сознательным». Конечно, «бессозна-
тельность» собирания и описания ма-
териалов народного творчества пре-
увеличена... Однако научные прин-
ципы исследования этих материалов
только начинали вырабатываться», –
деген А. С. Куриловтің пікір оған
нақты дәлел [7, 11]. Міне, батыс еу-
ропалықтар Ресейдің отар өлкесі са-
наған қазақ даласында орыс фоль-
клорист-ориенталист ғалымдарының
фольклорлық мұраға баса көңіл
аударулары да сондықтан. Ұлттық
фольклортану ғылымы үшін ғылыми
мәні зор, зерттеушілік сипаты айқын
ой-пікірлер де, таныстыру мақсатын-
да көріп-естігенін жалпылама баян-
дап шығу да, нәсілдік кемітушілікке
сүйенген миссионерлік көзқарас-
та ғы шындыққа сай келмейтін тұр-
пайы топшылаулардың да кездесіп
отырғандығы соның әсерінен деп ұғу
керек.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|