Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет52/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
шығуы құптарлық құбылыс болды. 
Сыни мақалалар оқулықтардың пе-
да гогикалық сипаты мен таза қазақ 
тілінде болып балаларға түсі нікті 
жазылуын талап еткенде Ы. Ал-
тынсариннің «Хрестоматиясын» әр-
қа шан үлгіге ұсынып отырды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
әдебиеттануындағы ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікірдің толыса түскені-
нің айқын көрінісін М. Сералиннің 
«Шахнамеден» аударған «Рүстем-
Сүһрапқа» жазған «Сөз басы» атты 
зерттеу мақаласынан көруге болады. 
Автор Фирдоусидің өмірі мен твор-
чествосын және дастаны туралы 
өз көзқарасын білдіріп, шығыстың 
классикалық мұрасының жазылу 
тарихын, басқа тілдерге аударылуы 
мен зерттелуін таныстыру мақсатын 
көздеген. Сол себептен де аудар-
машы ретінде тек текстімен ғана жұ-
мыс істеп қоймай, аударуға кірісу 
барысында көп ізденіп, көп оқып
мол дайындықпен келіп, ғылыми пі-
кір айта білумен де құнды.
Зерттеу нысанасы қазақ әде-
биеті тарихының мәселесі немесе 
қазақ ақыны, оның шығар ма шы лығы 
болмағанмен, бүкіл әлем әде биет-
шілері назар аудар ған «Шах нама» 
сияқты класси калық мұраны қазақ-
тың қалам қайраткер лерінің ауда-
руы мен зерттеуі төңкеріске дейінгі 
қазақтың ғылыми-сыншылдық ой-
пікірінде үлкен жаңалық еді. Өйтке-
ні «Шахнаманың» тарихи маңызын 
ашуда кейбір салыстырмалар жасай 
отырып тиянақты пікір айтуға ұм-
тылуы, басқа аудармашылар мен 
зерт
теушілер туралы мол дерек кел-
тіруі нағыз ғылыми-зерттеушілік си-
пат тағы мақала екенін көрсетеді.
М. Сералин шығармашылығын 
зерт теушілер назарына толық ілінбей 
жүрген осы мақалаға ғалым Т. Кәкі-
шев «Сын сапары» монографиясын-
да жан-жақты тоқтала келіп, ғылы-
ми-сыншылдық ой-пікірді қалыптас-
тыру жолындағы жаңашылдық си-
патын ерекше атап: «Әдебиеттану 
ғылымының элементтері анық кө-
рінетін, зерттеу еңбектерге тән бо-
латын бірқыдыру детальдарға бой 
ұрған зерттеу», – деп бағалайды [2, 
183]. Қандай да болсын ғылымның 
бірден қалыптаса салмайтынын, оның 
ішінде әдебиет туралы ғылымның 
туып-жетілуі әдеби-теориялық ұғым-
дар системасының қалыптасуы мен 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің өсуі -
не тікелей байланысты болса, қазақ 
баспасөзіндегі осындай құбы лыстар 
қазақ әдебиеттану ғылымы өркендер 
мәнді арна тапқанын көрсетеді.
Қоғамдық ой-сананың осылайша 
өсуі мен әдеби сынның шешуші қа-
дамдар жасауы әдеби-тарихи және 
теориялық бағыттағы ой-пікірдің ғы-
лыми сапасының арта түсуіне әсер 
етпей қалмады. Әсіресе, әдебиет 
сы нының ғасыр басындағы ұлт әде-
биетінде үш түрлі бағыт бар екенін 
анықтап беруі жетекші роль атқар-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет