ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
насихаттайды. Мақаладағы ғылыми-
зерттеушілік көзқарас «бізде әдебиет
бар ма, бар болса ол қандай?» деген
сұрақтар төңірегінде ой қозғауды
мақсат тұтқан. «Тіл-әдебиет бір мил-
ләттің жаны һәм рухы. Әдебиеті
болмаған милләт – тілі шықпаған жас
бала. Тіл-әдебиет дүниедегі барлық
бақыт-сығадаттың, ғылым-өнердің,
дін уа мәдениеттің асылы», – деген
секілді пікір білдіруі ұлт әдебиеті
тарихын тануға деген таным-біліктің
өсе түскенінің бір айғағы.
Жоғарғыдағы сұрақтарға нақты
жауап беруге деген ғылыми ізденіс
Ә. Бөкейхановтың «Мұсылман сиезі»
атты мақаласынан анық байқа ла ды.
Автор мұсылман сиезінің заңын-
дағы мекемелерде қағаз татарша
жа зылсын деген шешімге үзілді-ке-
сілді қарсы шығып: «Біздің тілді қа-
зақ жерін араламаған мұсылман ба-
уырларымыз қайдан білсін, біздің
кітап жазып, газет, журнал шығара
бастағанымызға осы 3-4 жыл ғана
арасында. Анық түрік затты халық
тілі біздің қазақта», – деп Абай, Шә-
кәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан,
т.б., барлығы 18 өлеңді мысалға
келтіріп – «Осылардай ақыны бар,
бір жерде тізе қосып отырған 5 мил-
лион қазақтың тілі қалайша жоқ
болады. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ
тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет,
Міржақып, Шәкәрім, «Тарғыннан»
һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой», –
деп жазады [17]. Мақалада ақындар
мен оның өлеңдері қазақ тілінің бар
екенін дәлелдеу мақсатында алын-
ғанымен, ғасыр басындағы ақын дар-
ды таныстырып өтудегі танымдық
сипатымен құнды екені айтпаса да
түсінікті.
Қазақ баспасөзі бетіндегі бұлар
тәріздес және тікелей әдебиет мә-
селесіне арналған сыни мақалалар
ұлт әдебиетін тануға деген ұмты-
лыстың ілгерілей түскенін дәлел-
дейді. Әдеби-тарихи бағыттағы ғы -
лыми-зерттеушілік ой-пікір ғы лы-
ми-теориялық түсініктер мен ұғым -
дарды меңгеруді қолға алып, әде -
биет тарихын ғылыми тұрғыда
те к серу мезгілі туғанын анықтап
бер ді. Осының дәлелі ретінде қа-
зақ әдебиеттану ғылымы өзінің туу
дәуірінде шешіп алуға тиісті жоға-
рыда айтылған проблемалық сұрақ-
тарға нақты жауап беруге ұмтыл ды.
Бұл тұрғыдан келгенде ғасыр
ба сындағы әдеби-тарихи ой-пікір-
дің назары ең алдымен ұлы Абай
шығармашылығына түсіп, әдебиет
тарихын зерттеу жолындағы қада-
мын сол төңіректен бастауы заңды
еді. Өйткені, оған Абай даңқының
халық арасына кең тарауы бір әсер
етсе, екіншіден, әдебиет сыны қа-
зақ әдебиетіне ұлы ақын салған
жолды молынан насихаттап, сол
кездегі жазба әдебиеттің басты ба-
ғыт-бағдары Абай салған жол мен
өркендеп бара жатқан еді. Сон-
дықтан Абайтану ғылымының бас-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|