Дипломдық жобада моделі afc 744 аралас бүктемелеу



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата18.05.2023
өлшемі1.55 Mb.
#473937
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бахиева Шолпан диплом

 
 
2 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 
Дипломдық жұмыстың бұл бөлімі ҚР заңдары сүйеніп жасалған. 
Нақтылайтын болса: 
а) ҚР Еңбек кодексі 2015 жыл 
27 сәуір № 311-V

ә) 
Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы 2015 жыл 29 қазан № 376-V; 
б) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық 
қорғау туралы» № 188-V Заңы (10.01.2015) берілген өзгерістер мен 
толықтырулармен) (бұдан әрі – Заң) халықты, аумақтар мен шаруашылық 
жүргізу объектілерінің сенімді қорғанысын қамтамасыз етудің заңнамалық 
базасы болып табылады. Заңда азаматтық қорғаныстың мынадай анықтамасы 
беріледі: «...азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен 
аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) 
факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында 
жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған 
азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі» (1-баптың 6) 
тармақшасы. 
Осы кодекстің бірінші тарауында негізгі ұғымдар келтірілген. 
Қызметкер жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке
еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. Жұмыс
беруші қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға. 
Қызметкер өкілдері кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің
органдары немесе қызметкер уәкілеттік берген өзгеде жеке және заңды
тұлғалар.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қатынастары
саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемелекеттік органы. 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік 
құқықтық актілерді қабылдау: 
1) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік 
құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен 
денсаулығын 
сақтауға 
бағытталған 
ұйымдастыру, 
техникалық, 
технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге 
де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейд; 
2) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік 
құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады; 
3) Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады [9]. 


27 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет