17
Қазіргі кездегі бүктемелеу машиналарының
қабылдау құрылғылары
престеліп, бумаланған дәптерлер топтамасын, сондай-ақ дайын өнімді санап,
орамалап шығаруға арналған қосымша жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Өзібергіш жоғарғы қағаз топтамасын қоятын үстелден, стапельді
барабаннан, ленталы транспортерден, төменгі үстелден, стапельді бергіш
механизмнен, алдыңғы басты сорғыштан, қағазды көтеретін сорғыштан және
қағаздың берілуін қадағалайтын құрылғыдан тұрады. Бұдан басқа
өзібергіштің құрамына насосты агрегат кіреді.
Қағаз табақтары өзібергіштің жоғарғы үстелінен 1,5-2 мм қашықтықта
қойылады. Жоғарғы үстелден стапельді барабанды айналып, қағаз табақтары
ленталы транспортерлар арқылы төменгі үстелдің қағаз бергіш құрылғысына
түседі.
Ленталы транспортерлардың мерзімді
қозғалуы механизмді беру
жүйесі арқылы жүзеге асады.
Төменгі үстелден сопло және ауа үрлегіш жүйемен байланысқан
стапельді үстелдің үстіндегі қағаздар керней тудырады. Жоғарғы қағаз
табағы бағытталған ауа әсерінен топтамадан бөлініп, үздіксіз қозғалып
тұрған лентаға қысылады. Лентада орналасқан
ойық арқылы сорып алатын
мундштук жоғарғы қағазды сорып лентаға және қағазды шығарушы білікке
транспортерлейді. Қағаз шығар алдында артқы шеті сорғышпен көтеріліп
ұстатылады.
Жұмыс кезінде өзібергіштің транспортерлеуші үстелінен шыққан қағаз
диск пен қағаздың дұрыс берілуін қадағалайтын қағаз бергіштің арасынан
және біліктен өтеді; диск пен біліктің арасындағы алшақтық бүктелетін
қағаздың қалыңдығын орнатады және
қағаздың дұрыс берілуі кезінде, олар
диск пен біліктің арасынан еш кедергісіз өтеді.
Өзібергіштен бір уақытта екі қағаздың бірдей шығуы оның
қалыңдығына әсер етеді және қозғалып тұрған дискті ьірнеше бұрышқа
өзгертеді, сондықтан дисктегі электр тосқауылдағыш құрылғы машинаның
шынжырлы берілісін және машинаның жұмысын тоқтатады.
Алдыңғы басты сорғыш механизм қағазды өзібергіштен шығару үшін
қолданылады. Содан соң қағаздың дұрыс берілуін қадағалайтын құрылғы
болады. Ал қағазды көтеретін сорғыш қағазды топтамадан бөліп алу үшін
қолданылады.
Содан кейін бүктемелеу секциялары: бірінші бүктемелеу аппараты төрт
бүктеу
білігінен және екі кассетадан, транспортерлеуші үстелден және
өзібергіш пен бүктемелеу аппаратын байланыстыратын құрылғыдан тұрады
[6].
Достарыңызбен бөлісу: